Кендір жіп жəне буып -түю заттары. Шұжық дайындауүдерісінде(қабықты ұнтақталған етпен толтырып болғаннан кейін) оларды байлау үшін кендір жіп қолданады . Байлаудың керектігі: шұжықтарды тығыздау жəне олардан шұжықтарды таяққа жəне ілгекке іліп қоюға ілгіш жасау. Шұжық байлайтын жіптің нөмірі жəне сорты болады. Нөмірі жоғары болған сайын, ол жіңішке. Ең жіңішке жіптің нөмірі 15, оны сарделка шұжығын байлауға пайдаланады. Дөңгелек келген шұжықтарды байлауға № 12, ал қабықты диаметрі үлкен жəне еті ұнтақталған шұжықтарды байлауға № 8 жəне №10 жіптерді қолданады. Сапасына байланысты кендір жіптерді екі топқа бөледі: сапасы жоғары жəне орташа. Сапасы жоғары жіп біркелкі, түсі ашық талшықсыз жəне түйіксіз. Көбінесе мұндай жіптер өндіріске үлкен маток түрінде түседі, бірақ қолданар алдында, оны керегінше кішірейтіп орап алады. Кендір жіпті, іші құрғақ сарайшада сақтайды, анда-