Шұжықты шыжғыруға жəне ыстауға қолданылатын отын түрлері. Шұжықтарды аздап шыжғыруға жəне ыстауға ағашты жəне оның үгіндісін пайдаланады. Шұжық дайындауда, жанғанда жақсы қызу беретін жəне хош иісті заттар шығаратын ағаштардың құны жоғары.
Жанғанда шайыр жəне түтін көп шығаратын қарағай ағашты қолдануға болмайды. Қайың ағашты, сыртынан қабығын алып тастағаннан кейін пайдаланады. Ең жақсы ағаштар тұқымы, жанғанда көп жəне жанбайтын газ шығаратын түрлері. Ағаш жанғанда бөлініп шыққан газдар, шұжықтың қабаттарына еніп, оған тəн жақсы иіс береді. Мұндай тұқымдас ағаштарға қандыағаш, қайың тұқымдас (ольха), емен, арша (можжевельник) жатады.
Ең жақсысы құрғақ, ұсақ жарылған жəне ашық таза ауада көбірек сақталған ағаштар. Құрғақ ағаштың ылғалдылығы 25%-ға дейін, ылғалдылығы 35%-дан асып кетсе, оны қолдануға болмайды, өйткені бөлініп шыққан ылғал түтінмен араласып, шұжықтың сыртын қаптап, ластайды. Шұжықты ыстауға 2-4 бөлшекке бөлінген, ұзындығы 0,5-1 метрге дейін кесілген ағаш пайдаланылады. Соңғы уақыттарда шұжық өндірісінде, шұжықты аздап шыжғыруға жəне ыстауға газды пайдаланып жүр. Ол керек қызуды қамтамасыз етеді жəне арзан, пайдалануға қолайлы, экономикалық жағдайынан тиімді деген деректер бар.
Достарыңызбен бөлісу: |