Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет71/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Қан ұнын дайындау. Қан ұны ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда, протеин жетіспеген жағдайда, негізгі рационға қосып беретін құнды азықтардың бір түрі.

Көбінесе оны өсіп - өніп келе жатқан жас малдарға азықтандыру тиімді. Оның ағзада қорытылуы, дайындау технологиясына тіке байланысты. Қанды кептіргенде шамадан тыс қыздыру, қорытылу коэффициентінің тым төмендеуіне жол береді.

Азықтық қан ұнын, тамақтық жəне техникалық мақсатқа пайдаланатын қаннан алынған фибриннен дайындайды. Кейбір жағдайларда қан ұнын дайындау үшін қанның өзін қолданады.

Фибринді универсал қазанда, не болмаса кептіргіш апаратурасында, стандарттық талабына сай болатындай етіп кептіреді. Оның құрамында ылғалдық мөлшері 10-12 %, май-3-5%, күл 5-8%-дан аспауы керек, ал протеиннің мөлшері 74-81 %-дан кем болмауы тиіс (кесте 10).

Қанды барабанды кептіргіште кептіреді. Кептірер алдында артық ылғалды бөлу үшін, қанды тұндырады жəне тығыздайды. Кептіргіштің ішінде көлденең орналасқан бу беретін барабан жəне қалақшалы келген араластырғыш (1минутына 18рет айналады) орналасқан. Осы механизмдердің əсерінен шикізат мұқият араласады, сосын төңкеріледі. Кептіруді екі фазамен жүргізеді-зарарсыздандыру (стерилизация) - қысым 3 атм, температура 130-140оС, уақыты 30 мин., кептіру – вакуум 600 мм сынап бағасы, температура –70-80оС. Құрғақ қанның шикізаттан шығымы 20%-дай. Құрғатылған қан ұнымен қатар, зауыттарда консервіленген қан ұнын да шығарады, дегенмен оның мал азықтандыру тəжірибесінде пайдалануы аз.


88



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет