Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет79/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Сырт қабықтарын дайындау. Ішек қабықтарын дайындағанда, ең бірінші оларды ластан жəне тұздан тазалайды, ылғалдандырады жəне бөлшектеп кеседі. Тұздалған ішекті суық суға ұстап жібітеді, ірі қара малдың ішегін 12-16 сағат, шошқа жəне қой ішектерін 2-3 сағаттай ұстайды. Тым кепкен ішектерді бір тəулікке дейін ұстап, жібітеді. Ылғалдандыру барысында олар бөртеді жəне созылғыш келеді. Суды ауыстырып отырады. Суда жібіткеннен кейін, ішекті сумен жуады, я болмаса ауамен үрлейді. Мұндағы мақсат, ішекті ылас заттардан толық тазарту жəне бүтіндігін тексеру. Ішектің бойында тесік кездессе, сол жерден кеседі. Егерде ішектің ішінде ішқұрт жəне шіріген жерлері болса түгелдей кесіп алып тастайды. Жібітілген, жуылған жəне үрленген ішектерде əліде болса ласталған заттар қалса, айналдырып жылы сумен жуады. Осылай дайындалған ішектерді міндетті түрде сол мезгілде пайдалану керек, өйткені олар тез бұзылады. Дайындалған ішектерді суық жерде тек қана 2-3 сағаттай сақтайды. Ал көп уақыт сақтау қажет болған жағдайда, оған күшті концентратты тұздық ерітінді құйып, температурасы 40С тан аспайтын орында ұстайды.

Ірі қара мал ішегін ұзындығы 50 см-дей қылып кеседі де, бір жағын жіңішке кендірмен байлап , бірдей қылып жайғастырады. Ақауы бар (қарайған, тотталған, май таңбалы) ішектерді сұрыптайды. Осылай дайындалған ішектерді жалпақ шараларға байланбаған ұштарын бірыңғай қаратып салады. Ішектерді бұлай жайғастыру, оларды шприцовкалағанда ыңғайлы болады.

Сосиска дайындауға пайдаланылатын қой ішектерін жібіткеннен кейін, диаметрі бойынша колибровка жасалған ішектерді сумен толтырады, я болмаса ауа үрлейді де колибровкалық тақтайдың тесігіне енгізеді. Колибровкалау кезеңінде тым ұзын ішектерді, ұзындығы 4-5 метрдей қылып жекелеп кеседі, жалпақ шараға, бір ұшы шараның үстінде болатындай қылып салады. Осылайша жайғастыру шприцтеу үдерісінде жұмыскерлерге ыңғайлы болады. Ірі қара мал жəне шошқа қуықтарын (пузырь мочевой) жоғары

100


көрсетілгендей суда жібітеді, сосын жылы суда тазалап жуады. Дайындау кезеңінде оларды мөлшеріне байланысты сұрыптайды. Орташа мөлшерлі қуықтарды белорус жəне астаналық шұжықтарды, кішкентайларын докторлық жəне ысталған шұжықтарды дайындауға қолданады. Мөлшері үлкен келген қуықтарды батон қалыпты етіп тігіп, зельц жəне рулет өнімдеріне сырт қабат ретінде пайдаланады.

Целлофандық сырт қабықты ұзындығы мен диаметрін біркелкі қылып дайындайды. Олар пəшке түрінде (əрбірінде 50 данадан) түседі. Дайындау барысында целлофандық сырт қабықтың бір ұшын байлайды. Кейде шприцтеу алдында сырт қабық ұштарын суға батырып ылғалдандырады, қабық созылғыш келеді, екіншіден оларды цевкаға енгізу оңайланады.

Дөңгелек күйінде түскен кутизиндік сырт қабықты, ұзындығы 50-60 см қылып кеседі, басқа дайындауүдерістері, целлофандық қабығы сияқты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет