Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет82/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Ұсақталған етті дайындау. Ұсақталған етті дайындау, алдын-ала ұсақталған етті басқа компоненттермен, рецептура бойынша араластыру. Бұл үдеріс кутерде, я болмаса алмастыру апараттарында өткізіледі. Құрылымы бірыңғай ұсақталған етті (сосискаға, сарделкаға, докторлық шұжыққа) кутерде дайындайды, ал құрылымы əртүрлі ұсақталған етті (шел майы жəне ірі туралған шошқа еті) алмастыру (мешалка) аппаратында дайындайды.

11- кесте. Шұжықтарға қосатын судың нормасы



Шұжықтар

Куттерлегенде қосылатын судың (мұздың)




мөлшері, еттің салмағынан, %










Любительская

15-20




Отдельный

25-30




Ветчино-рубленный

25-30




Чайный

25-30




Шошқа шұжығы

20-25




Ірі қара мал шұжығы

30-35




Сарделька

35-40




Пісірілген шұжық жəне етті-нан шұжықтарын дайындауға ұсақталған етті алдын ала куттерде мұқтаждап араластырып, шел майын қосады. Жартылай ысталған жəне ысталған шұжықтарға ұсақталған еттің құрамын құрғанда, ең бірінші майсыз етті, сосын майлы шикізаттарды, ең соңында шел майларын қосып, араластырады.

Ұсақталған етті алмастыру аппаратында араластырғанда, ол оңдап желімделінеді (клейкость), ылғал тарту қасиеті жоғарлайды, сол себептен шұжықты пісіру барысында ылғалды ұстап қалады. Эмульсия үдерісін болдырмау мақсатпен, куттерге суды ірі қара мал етін, я болмаса майсыз шошқа етін араластырған кезеңде құяды. Ұсақталған еттің сапасы өте жоғары болуда, туралған еттегі майлы жəне ақуызды бөлшектерінің ара қатынасының маңызы зор. Ұсақталған етті шел майымен тым көп араластырса, шел майы өте ұсақталып, шұжықтың құрылымын нашарлатуы мүмкін. Сол себептен шел майын араластырғыш аппаратына аздаған мөлшерде жəне ұсақталған еттің жоғарғы қабатын түгелдей жабатындай етіп жайғастырады. Егерде етті алдын ала тұздағанда нитрит қосылмаса, оны ұсақталған еттің құрылымын құрған кезде салады. Нитритті ерітінді түрінде, ұсақталған етті араластырғанда, үстіне құяды.

Араластырғыш аппарат əртүрлі конструкциялы болады. Ең көп тарағаны, сыйымдылығы 340 жəне 645 литрлік, ұсақталған еттен босату үшін механикалық төккішпен жабдықталған.

Ұсақталған етті дайындау үшін, əмбебапты ротациялық машина да қолданылады. Ол волчокты, куттерді жəне араластырғыш аппаратын түгелдей толық алмастырады . Бұл машинаның жұмыс тетіктеріне, ет транспортермен беріледі жəне еттің салмағы өлшелінеді. Жұмыс тетіктері



104

барабаннан (айналу жылдамдығы минутына 85-115) тұрады. Барабанның астыңғы жағында білік орналасқан, білікте орақша келген пышақтар (2500 айналу/мин) орнатылған. Ал барабанның жоғарғы бөлігінде күректер жайғасқан, олар арқылы ұсақталған ет жылжып отырады. Ротациялық машинамен етті ұсақтағанда, етке мұз (еттің салмағына шаққанда 20-30%) қосады.

Ұсақталған етті төгу əдейі жабдықталған күрекше арқылы жүргізіледі жəне төгу кезінде машинаны тоқтатудың қажеті жоқ. Ротациялық машинаны еңбек өнімділігі өте жоғары, сағатына 2-2,5 кг ет өңдейді. Шұжық өндірісінде коллоидалық диірмен де қолданылады, мұнда ет қоймалжың болғанша ұсақталынады.

Горький ет комбинатында ұсақталған етті шұжыққа дайындау үдерісі біршама өзгертілген. Ірі қара жəне шошқа етін пісіп-жетілуінен кейін, диаметрі 3 мм решеткалы волчокқа ұсақтайды, ал шел майды -шел май кескішке ұсақтайды, дегенмен ұсақталған шел майының кесінді мөлшері, рецептура талабынан үлкендеу. Волчокпен ұсақталған етке мұз, я болмаса суық су құйып əдейі қоспаларды қосып кутерден өткізеді, 3-5 минуттан кейін кутерге ұсақталған шошқа етін қосып, 2-3 минут шамасында кутерлеуді жалғастырады. Көрсетілген уақыт өткеннен кейін ұсақталған шел майын қосып, тағы да 30-50 секундтай кутерлейді. Горький əдісінің негізгі айырмашылығы жəне артықшылығы мынада: ұсақталған ет пен шел майын араластыру куттерде жүреді, яғни ұсақталған етті араластырғыш апаратынан өткізу қажеттілігі керек емес. Осы себептен ұсақталған етті дайындау үдерісі қысқартылып, қажетті өндірістік орын аумағы босайды, еңбек жəне материалдық шығын азаяды. Горький əдісімен дайындалған дайын өнімнің сапасы жақсы деген ғылыми деректер бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет