Балықты ылғалдау. Балықты ылғалдау алдында қабыршағын, басын, қанатшаларын түсіріп, аздап өңдеу қажет. Ылғалдау мақсатын азайту мақсатында кейде балықтың арқасынан екі бөлікке бөледі. Бірақ бұл əдіс оның дəмдік сапасын төмендетеді. Көксеркені, алабұғаны, шабақты, сазанды тазартпай, тұтас күйінде ылғалдайды (сулайды).
Балықтарды екі əдіспен ылғалдайды:
ағынды суда;
ауыстырмалы суда.
Ағынды суда ылғалдау үшін балықты торға салып , арнайы астауға орналастырады. Астаудың төменгі жағынан су құбыры арқылы тұрақты түрде мұздай су келіп тұруы қажет жəне ол түтік арқылы астаудың жоғары жағынан су жинағышқа не басқа жаққа ағып кетуі тиіс.
Балықты ауыстырмалы суда ылғалдау үшін оны астауға салып, температурасы 10-12 ºC мұздай су құяды. Суды балық көлемінен екі есе құяды. Еріген тұздың мөлшері суда арта береді де, қалған бөлігінің еруін қиындатады. Сондықтан суды мезгіл-мезгіл (1,2,3 жəне 6 сағат сайын) ауыстырып отыру керек.
Ащы тұздалған балықтарды ылғалдау мерзімі 9-ден 12 сағатқа дейін. Ылғалданған балықтарды пісіруге, котлет массасын жəне дəмтатымдар жасауға пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |