Қабылданған сүттің мөлшерін анықтау. Қабылданған сүтті есептеуді таразының өлшеу бірлігінде жүргізеді. Сол үшін сүтті таразыларда өлшейді. Көлемі бойынша сүтті қабылдау кезінде оның тығыздығына байланысты таразылы көлемдік бірліктерді қайта есептейді.
Шын мəнісінде майлылығы бойынша сүттің массасын базисті майлылықтағы сүттің массасына аудару мына формула бойынша кері есептейді:
Ммб=Мм * Жм * Жмб
мұндағы Ммб - базисті майлылықтағы сүттің массасы, кг; Мм- шын мəнісіндегі майлылықтағы сүттің массасы, кг; Жм - сүттегі майдың массалық үлесі, % ; Жмб - сүттегі майдың базисті массалық үлесі, % .
Нормалау. Пісірілген сүтті өндіруде сапасы бойынша алынған сүт майының массалық үлесі бойынша нормаланады. Сүтті нормалаған кезде пісіру кезіндегі ылғалдың булануын есептейді. Нормаланған сүттегі майдың массалық үлесі мына қатынасқа сəйкес болады: Жнм = Жгпр – 0,15
Сүтті нормалау сүттің химиялық құрамын (майдың, құрғақ заттардың, көмірсу, дəрумендер, минералдық заттардың массалық үлесін) стандарт
189
жəне техникалық шарттарға сəйкес белгілерге дейін реттеу мақсатымен жүргізіледі.
Нормалау кезіндегі есептеудің негізі сүттің кез - келген құрамды бөлігі бойынша материалдық балансты теңестіру болып табылады. Мысалы май мөлшері бойынша:
Мнм* Жнм= Мм* Жм+ Мом* Жом
Қаймағы алынбаған сүтті кілегеймен нормалаған кезде
Мнм* Жнм = Мм* Жм+ Мсл*Жсл
мұндағы, Мм, Мнм, Мом, Мсл – нормаланған, қаймағы алынбаған, майсыздандырылған сүт жəне кілегейдің массасы, кг;
Жнм, Жм, Жом, Жсл – нормаланған, қаймағы алынбаған, майсыздандырылған сүт жəнне кілегейдің массалық үлесі, % .
Осы материалдық баланс теңдіктеріне байланысты нормалауға қажетті майсыздандырылған сүт жəне кілегейдің массасын мына формула бойынша анықтайды:
Мом = Мм(Жм -Жнм) / (Жнм - Жом);
Мсл = Мм (Жнм - Жм) / (Жсл - Жом).
Тазалау. Сүтті тазалау кезінде оны механикалық қоспалардан, сонымен бірге микроорганизмдерден тазартады, пастерлеу тиімділігін жоғарылатуға қолайлы жағдай тудырады . Сүтті тазалау үшін механикалық дизинфекцияның екі тəсілі қолданылады- сүзу жəне центрифугалау.
Сүтті механикалық қоспалардан тазалау үшін түрлі конструкциялы сүзгілер (пластиналы, дискілі, цилиндрлік) арналады. Сүзгіш материалдарды (марлі, лавсанды мата, мақталы сүзгіш) үнемі ауыстырып тұру қажет. Олай етпесе сүзгіштер қажетсіз бөгде микрофлора көзіне айналады. Сүт өңдеу желісінде өндірістің үздіксіз өтуі үшін екі параллельді сүзгіш - тазалағышты орнатады. Бір сүзгіште сүзгіш матаны ауыстырған кезде, екіншісі сүзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |