Бірқатар диеталық тағамдарының дайындау технологиясының ерекшелігі
1 диета асқазан жəне ішектің ойық жарасы бар ауруларда ұсынады. Тағамдарды дайындау кезінде ет, балық, саңырауқұлақ көжелерді, эфир майларға, глюкозидтерге (шалғам, пияз,ақжелкен, сельдерей) бай, қою көкөніс көжелерді, дөрекі жасунықты (қияр, бұршақ, орамжапырақ), қышқыл жемістерді, құрғақ ысылмаған жидектерді, тұщы қамырды жəне
тұздалған көкөністерді тұтынуға тиім салынады. Тағамдарды дайындағанда барлық — механикалық, химиялық жəне термиялық зақымданулардан сақтануды пайдаланады.
Механикалық зақымданудан сақтау мақсатында көжелерді ысып (пюре тəрізді) немесе шырышты етіп дайындайды. Көжелерді ұсақ кесілген, езіліп жақсы піскен макарон бұйымдарымен беруге болады. Екінші
328
тағамдарды пісірілген жəне ысылған күйінде береді. Етті сіңір-шеміршектерден, жалғауыш ұлпалардан мұқият тазалайды, балықты филеге бөледі. Тағамның көпшілігін шабылған етіп (котлеттер, биточкалар, пудингтер) буда дайындайды. Пісірілген кнель массаларынан дайындалған бұйымдарды (балықтікі, тауықтікі) кеңінен пайдаланады. Жұмыртқаны шала пісіреді немесе одан булы омлет немесе суфле дайындайды. Көкөніс тағамдарды ысып ( картоп пюресі, сəбіз, қызылша, пудинг, суфле) пісіреді. Жармаларды ысып немесе езілген ботқа ретінде дайындайды. Тары жəне арпа жармаларды пайдалануға болмайды.
Химиялық зақымданудан сақталуды қамтамасыз ету үшін өткір, ащы
дəмі бар өнімдер мен дəмдеуіштерді, қою көжелерді пайдалануды қоспайды. Сондықтан көжелерді вегетариандық етіп пісіреді, ал соустарды жəне томат пюрелерін сорпасыз дайындайды. Кисель, желе жəне мусстарды қышқыл емес жидектерден дайындайды. Компотқа арналған жемістерді ысады.
№
Достарыңызбен бөлісу: |