Авиациялық қозғалтқыштарды іске қосу кезінде берілетінкомандалар мен сигналдар
1. Жалпы нұсқаулар
1. Суреттелетін командалар мен сигналдар ұшақтар мен тікұшақтарда газтурбиналы және поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу процессін мына жағдайларда басқару үшін арналған:
1) қозғалтқышты іске қосатын экипаж мүшесі (іске қосушы) мен іске қосуды қамтамасыз ететін авиатехник (сигнал беруші) арасында екіжақты байланыстың техникалық құралдары (СПУ, радиостанция) бар және жоқ болған кезде;
2) тәуліктің жарық және қараңғы мезгілдері;
3) ұшқыш және инженерлік-техникалық персонал.
2. Қозғалтқыштар солдан оңға қарай нөмірленген (экипаж кабинасында орналасқан адамдарға қатысты).
3. Іске қосушы: тәуліктің жарық мезгілінде ашық терезеден созылған сол қолмен; қараңғы мезгілде – аэронавигациялық оттардың (бұдан әрі - АНО) және рульдеу шамдарының көмегімен сигнал береді.
4. Егер іске қосушы экипаж кабинасында орналасу шарттары бойынша сигнал берушімен көзбе-көз байланысты болмаса, онда мұндай байланысты ӘК командирі (ИТП қозғатқышын іске қосу кезінде – оның орнында орналасқан маман) жүзеге асырады.
5. Сигнал беруші ол әуе кемесінің командиріне жақсы көрінетін жұмыс орнында орналасады. Оң қозғалтқыштарды іске қосуды қамтамасыз ету кезінде сигнал беруші ӘК оң жағына ауыса отырып, екінші пилотқа жақсы көрінуі тиіс. Сигнал берушінің жұмыс орындары регламенттік жұмыстарды орындау жөніндегі ҰПР мен технологиялық нұсқамаларда нақты көрсетілген.
6. Сигнал беруші сигналдарды қолмен: жарық мезгілде – түсті таяқшалардың көмегімен немесе ашық түсті қолғаптармен; қараңғы мезгілде – электр фонарларының, жарық беретін таяқшалардың көмегімен береді.
2. Екі жақты байланыстың техникалық құралдары бар болған кезде берілетін командалар
Іске қосушы. Қозғалыс қызметінің диспетчерінен немесе ТҚК үшін жауапты ИАС маманынан (ИТП іске қосу кезінде) қозғалтқыштарды іске қосуға рұқсат алғаннан кейін сигнал берушіден рұқсат сұрайды:
«Іске қосуға дайынмын». Тәуліктің қараңғы мезгілінде АНО қосады.
Сигнал беруші. Тұрақта қозғалтқыштарды іске қосуға барлығы дайын екендігіне және іске қосу үшін пайдаланылмайтын СНО алып тасталғандығына көз жеткізіп: «Іске қосуға рұқсат етемін».
Іске қосушы. Қозғалтқыштарды іске қосуға дайындалу».
Сигнал беруші. Іске қосар алдында барлық дайындық жұмыстары орындалғанына, траптар алынғандығына, тірек бұғаулары орнатылғанына (немесе егер рульдеу жүргізілсе, алып тасталғанына) көз жеткізіп: «Траптар алып тасталды, бұғаулар орнатылды (алып тасталды). Іске қосуға құп болады».
Егер поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу кезінде ұшақтарда винттерді бұру қажет болса, онда іске қосушы, оталдыру сөндірілгендігіне көз жеткізе отырып, қосымша команда береді:
«оталдыру сөндірілген, қайталаймын - оталдыру сөндірілген. винттер (винт) бұрылсын».
Сигнал беруші жауап береді: «винттерді (винтті) бұруға құп болады» және бұрғаннан кейін баяндайды: «винттер (винт) бұрылды».
Іске қосушы. «Қозғалтқыштардан (винттерден)».
Сигнал беруші. Қауіпті аймақтарда адамдар жоқ екендігіне көз жеткізіп, қозғалтқыштардан (винттерден) өзінін жұмыс орнына кетіп: «Қозғалтқыштардан (винттерден) құп болады».
Іске қосушы. Қозғалтқыштарды іске қосқаннан және генераторларды борт желілеріне қосқаннан кейін: «Әуеайлақтық қоректендіру сөндірілсін» (егер ол қосылған болса).
Сигнал беруші. «Әуеайлақтық қоректендіруді сөндіруге құп болады». Әуеайлақтық электр және ауамен қоректендіру көздерін сөндіргеннен кейін:
«Әуеайлақтық қоректендіру сөндірілді».
Егер қозғалтқыштарды іске қосқаннан кейін рульдеу болатын болса, онда келесі командалар мен сигналдар беріледі.
Іске қосушы: «Байланыстың соңы. СПУ сөндірілсін, сол (оң) жақтан бейне байланысқа көшу».
Сигнал беруші: «СПУ сөндіруге құп болады. сол (оң) жақтан бейне байланысқа көшемін». СПУ-ны сөндіргеннен кейін көрсетілген орынға барады. ӘК командирі (екінші пилот).
Қозғалыс қызметінің диспетчерінен рульдеуге рұқсат алғаннан кейін жоғары көтерілген қолмен сигнал берушіден рульдеуге рұқсат сұрайды, жалтырау маягын қосады, қараңғы мезгілде рульдеу фараларын қосады.
Сигнал беруші. ӘК қозғалысына кедергілердің жоқтығына көз жеткізіп, қауіпсіз орынға, алайда ӘК командирі (екінші пилот) көретін жерге шегініп, «Жол бос» - оң қол шынтақтан бүгілген және жоғары бағытталған, үлкен саусақ жоғары созылған, сол қол төмен түсірілген сигналымен рульдеуге рұқсат береді.
Қажет болған кезде сигнал беруші мына командаларды (сигналдарды) береді:
1) «Қозғалтқыштар сөндірілсін» - қолдар жоғары көтерілген және айқастырылған.
2) «Қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) айналымдары азайтылсын» - қолдар төмен түсірілген және алақандарымен жерге қаратылған, оң (оң қозғалтқыш үшін) немесе сол (сол қозғалтқыш үшін) қол жоғары-төмен шайқалу жасайды.
3. Екі жақты байланыстың техникалық құралдары жоқ болған кезде берілетін сигналдар
Іске қосушы. Қозғалыс қызметінің диспетчерінен немесе ТҚК үшін жауапты ИАС маманынан (ИТП іске қосу кезінде) қозғалтқыштарды іске қосуға рұқсат алғаннан кейін «Іске қосуға дайынмын» - қолда іске қосуға жататын қозғалтқыштың нөміріне сәйкес келетін санда саусақтарды түзету, қараңғы мезгілде АНО қосу сигналын бере отырып, мұндай рұқсатты сигнал берушіден сұрайды.
Сигнал беруші. Тұрақта қозғалтқыштарды іске қосуға барлығы дайын екендігіне және іске қосу үшін пайдаланылмайтын СНО алып тасталғандығына көз жеткізіп: «Іске қосуға рұқсат етемін» - оң қол бас деңгейінде айналма қозғалыстар жасайды, сол қол – іске қосуға жататын қозғалтқыштың нөміріне сәйкес келетін санда саусақтарды түзете отырып, бастың үстінен көтерілген сигналын береді.
Іске қосушы. «Қозғалтқыштарды іске қосуға дайындалу» - қол алға-артқа қозғалыс жасайды, қараңғы мезгілде – АНО сирек жырқылдауы (сөну-қосылу аралығы 5-6 с) сигналын береді.
Сигнал беруші. Іске қосар алдында барлық дайындық жұмыстары орындалғанына, траптар алынғандығына, тірек бұғаулары орнатылғанына (немесе егер рульдеу жүргізілсе, алып тасталғанына) көз жеткізіп: «Траптар алып тасталды, бұғаулар орнатылды (алып тасталды). Іске қосуға құп болады» - сол қол шынтақтан бүгілген және жоғары қаратылған, төмен түсірілген оң қол алға-артқа қозғалыс жасайды сигналын береді.
Егер поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу кезінде ұшақтарда винттерді бұру қажет болса, онда іске қосушы, оталдыру сөндірілгендігіне көз жеткізе отырып, қосымша команда береді:
«оталдыру сөндірілген, қайталаймын - оталдыру сөндірілген. винттер (винт) бұрылсын» - қол айналма қозғалыстар жасайды, қараңғы мезгілде – АНО жиі жарқылдауы (сөну-қосылу аралығы 5-6 с).
Сигнал беруші жауап береді: «винттерді (винтті) бұруға құп болады» - сол қол бүгілген және жоғары бағытталған, көлденен созылған оң қол иық деңгейінде айналма қозғалыстар жасайды. Бұрғаннан кейін мынадай сигнал береді:
«винттер (винт) бұрылды» - көлденен созылған сол қол иық деңгейінде айналма қозғалыстар жасайды, оң қол төмен түсірілген.
Іске қосушы. «Қозғалтқыштардан (винттерден)» - қолды жанына қарау созу, қараңғы мезгілде – рульдік фараны сирек жарқылдату (сөну-қосылу аралығы 5-6 с) сигналын береді.
Сигнал беруші. Қауіпті аймақтарда адамдар жоқ екендігіне көз жеткізіп, қозғалтқыштардан (винттерден) өзінін жұмыс орнына кетіп: «Қозғалтқыштардан (винттерден) құп болады» - сол қол шынтақтан бүгілген және жоғары бағытталған, оң қол көлденен созылған сигналын береді.
Іске қосушы. Қозғалтқыштарды іске қосқаннан және генераторларды борт желілеріне қосқаннан кейін: «Әуеайлақтық қоректендіру сөндірілсін» (егер ол қосылған болса) - қол жоғары-төмен шайқалу жасайды, қараңғы мезгілде – рульдік фараны жиі жарқылдату (сөну-қосылу аралығы 2-3 с) сигналын береді.
Сигнал беруші. «Әуеайлақтық қоректендіруді сөндіруге құп болады» - сол қол шынтақтан бүгілген және жоғары бағытталған, көлденен созылған оң қол жоғары-төмен шайқалу сигналын береді. Әуеайлақтық электр және ауамен қоректендіру көздерін сөндіргеннен кейін «Әуеайлақтық қоректендіру сөндірілді» - көлденен тысқары созылған сол қол жоғары-төмен қозғалыс жасау сигналын береді.
Егер қозғалт қ ыштарды іске қосқаннан кейін рульдеу болатын болса, онда келесі сигналдар беріледі.
Іске қосушы. Сигнал берушінің оң жақтан бейне байланысқа көшу қажеттілігі кезінде алға созылған қолмен сигнал берушіге оң жақтағы орынға баруға көрсетеді.
Сигнал беруші. Қажет болған кезде көрсетілген орынға ауысады.
ӘК командирі (екінші пилот). Қозғалыс қызметінің диспетчерінен рульдеуге рұқсат алғаннан кейін жоғары көтерілген қолмен сигнал берушіден рульдеуге рұқсат сұрайды, жалтырау маягын қосады, қараңғы мезгілде рульдеу фараларын қосады.
Сигнал беруші. ӘК қозғалысына кедергілердің жоқтығына көз жеткізіп, қауіпсіз орынға, алайда ӘК командирі (екінші пилот) көретін жерге шегініп, «Жол бос» - оң қол шынтақтан бүгілген және жоғары бағытталған, үлкен саусақ жоғары созылған, сол қол төмен түсірілген сигналымен рульдеуге рұқсат береді. Қажет болған кезде сигнал беруші мына сигналдарды береді:
1) «Қозғалтқыштар сөндірілсін» - қолдар жоғары көтерілген және айқастырылған.
2) «Қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) айналымдары азайтылсын» - қолдар төмен түсірілген және алақандарымен жерге қаратылған. Оң (оң қозғалтқыш үшін) немесе сол (сол қозғалтқыш үшін) қол жоғары-төмен шайқалу жасайды.
Қазақстан Республикасының азаматтық
әуе кемелерін техникалық пайдалану
және оларды жөндеу қағидасына
6-қосымша
Әуе кемесін сүйрету кезінде берілетін командалар және оларды орындау туралы баяндамалар
Белгіленулер:
Р – буксирлеудің басшысы;
К – буксирлеу кезінде кеменің кабинасында орналасқан лауазымды адам;
В – тартқыш жүргізушісі;
Т – сүйрету жөніндегі бригаданың құрамына кіретін авиатехник (авиамеханик);
Р. Бригада мүшелерінің және тартқыш жүргізушісінің жұмысқа дайындығын, сондай-ақ ӘК дайындығын, тартқыш пен сүйрету құрылғысының жұмыс істеуін тексергеннен кейін:
«жүргізгішті (арқанды) ұшақпен (тікұшақпен) қосу».
Т. Жүргізгішті (арқанды) ұшақпен қосқаннан кейін: «Қосылыс бар».
Р. Қосылысты тексергеннен кейін: «Жұмыс орындарына бару».
К. В. Т. Кезектесе: «Жұмыс орнына бардым».
Р. Бригада мүшелері өз орындарында екендігіне көз жеткізгеннен кейін: «сүйретуге алу».
В. «буксирге алуға құп болады». Тартқышты ӘК-ге жүргізгішті тартқыш ілмегімен ілінуін қамтамасыз ететін қашықтыққа жақындату.
Р. «ТОҚТА. Тартқышты жүргізгішпен қосу».
В. «ТОҚТАУ құп болады». Тартқышты тоқтатады және тежегішке қояды.
Т. Жүргішті тартқыштың ілмегімен қосады: «Жүргізгіш тартқышпен қосылған».
Р. «СҮЙРЕТУГЕ дайындалу. Тежеу жүйелерінің жұмысын тексеру».
К. «сүйретуге дайындалуға құп болады. Тежеу жүйелеріндегі қысым және тежегіштер жұмысы тексерілді».
Р. «Бұғаулар алынсын».
Т. «Бұғауларды алуға құп болады». Бұғаулар алынғаннан кейін: «Бұғаулар алынды».
К. Тұрақ тежегішін жібергеннен кейін: «СҮЙРЕТУГЕ ДАЙЫНМЫН. Тұрақ тежегіші жіберілді».
Р. Қозғалыстың басталуына нұсқау беру үшін: «АЛҒА». Командалар сигналдармен қайталанады (сигналдар 16-қосымшада).
В. «АЛҒА ҚҰП БОЛАДЫ» Дыбыс сигналы беріледі, белгіленген бағытта біртіндеп қозғалысты бастайды.
Р. Қозғалыс бағытының өзгеруін көрсету үшін және тұраққа қою кезінде:
«Солға (оңға) бұрылу». «ТОҚТА». Командаларды сигналдармен қайталайды.
Адамдар немесе ӘК зақымдалуы үшін қауіп пайда болған кезде «ТОҚТА» командасын қауіпті байқаған бригаданың кез келген мүшесі береді. Тартқыш жүргізушісі қозғалысты тоқтатуға міндетті.
Р. ӘК арналған тұрақ орнына әкелген кезде: «ТОҚТА».
В. «ТОҚТАУҒА ҚҰП БОЛАЛЫ». Тартқышты тоқтатады, оны тежегішке қояды.
Р. Тартқышты орнатқаннан кейін: «Бұғаулар орнатылсын. Тежегіштер қосылсын».
Т. Негізгі тіректер доңғалақтарының астынан бұғауларды орнатады: «Бұғаулар орнатылды».
К. «ТЕЖЕГІШТЕРДІ ҚОСУҒА ҚҰП БОЛАДЫ». Тұрақ тежегішін қосқаннан кейін: «ТЕЖЕГІШТЕР ҚОСЫЛДЫ».
Р. «жүргізгіш ағытылсын».Жүргізгіш ӘК-тен ағытылғаннан кейін:
«Тартқыш ұшақтан (тікұшақтан) алшақтасын ».
В. «ұшақтан (тік ұшақтан) алшақтауға құп болады ». Дыбыс сигналы береді, жүргізгішті баяу алып тастайды және оны арналған орнынан орнатады.
Достарыңызбен бөлісу: |