Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер


§2. Әуе кемелеріне қызмет көрсету әдістері



бет3/13
Дата24.05.2017
өлшемі2,2 Mb.
#16975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
§2. Әуе кемелеріне қызмет көрсету әдістері
94. ӘК-ге техникалық қызмет көрсету кезінде жұмыстарды ұйымдастырудың мынадай әдістері қолданылады:

1) ИТҚ-ні өндірістік мамандандыру (бригадалық-толассыз және бекітілген);

2) ИТҚ-ні жеке-жеке мамандандыру (жүйелік, аймақтық, жүйелік-аймақтық);

3) ТҚК жұмыстары өндірісінің циклдерін жоспарлау ( біркезеңдік және кезең-кезеңімен қызмет көрсету);

4) ТҚК жұмыстары өндірісінің технологиялық процесін ұйымдастыру (желілік әдістер, сараптамалық-директивалық шешімдер).

ТҚК ұйымдастыру әдістерінің көрсетілген түрлері жеке және түрлі үйлесімдерде қолданылады. Бұл жағдайда шешімдер қабылдау пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құзыретіне жатады. Нақты тәсілдерді қолдану көрсеткіштері оны жүзеге асыру мүмкіндіктерімен, тиімділік саласымен және пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның өзекті қажеттіліктерімен анықталады.

95. Қызмет көрсетудің бригадалық-толассыз әдісінің мәні ИАҚ өндірістік бөлімшесі алғашқы буынының (бригада, кешенді бригада, ауысым) олардың техникалық қызмет көрсетуге ауысуна қарай ӘК-нің белгілі бір паркіне қызмет ететіндігінде.

Бекітілген әдіс кезінде мамандардың бастапқы өндірістік буыны оған ұшуларын қамтамасыз ету тапсырылған жеке ӘК-ге ғана қызмет көрсетеді.

96. Қызмет көрсетудің бір кезеңді әдісі кезінде ТҚК берілген нысаны жұмыстарының барлық көлемі олардың басталу сәтінен бастап толық аяқталғанға дейін, кезекті ұшуға дейін - бір кезеңде орындалады.

97. Қызмет көрсетудің кезең-кезеңдік әдісінің мәні ТҚК нысанының (немесе оның түрленімінің) ПҚ рұқсат ететін көрсетілген шекаралардың кеңеюін ескере отырып, жұмыстардың кезеңділігіне берілетін рұқсаттар шекараларымен анықталатын атқарым ішінде ұшулар арасындағы аралықтарда бөліктері (кезеңдері) бойынша орындалатындығында.

Кезең-кезеңдік ТҚК-нің ерекше нұсқасы ТҚК нысандарын олардың әрқайсысы ТҚК-нің базалық нысанын және ТҚК нысандарынан жоғары кезеңділіктегі ауыспалы жұмыстарды қамтитын бөлінген еңбекті қажетсінетін кешендерге түрленуі болып табылады. Әрбір кешенді қайталап орындау кешеннің құрамдас бөліктерінің бастапқы кезеңділігі атқарымының тең немесе еселенген арақашықтықтары арқылы жүргізіледі, ол кезеңдегі жұмыстардың нақты кезеңділігінің техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) талаптарынан принципті ауытқуларына әкеледі. Бұл нұсқаны қолдануға ӘК әзірлеушісімен және уәкілетті органмен келісу бойынша ғана рұқсат етіледі.

98. Кезең-кезеңдік ТҚК-нің мынадай түрлері қолданылады:

1) тіркелген кезеңдермен;

2) регламенттелмеген кезеңдермен.

Бірінші жағдайда ТҚК кезеңдерінің мазмұны ПҚ-да (кезең-кезеңдік ТҚК-нің нұсқаулықтары мен ведомостерінде) тіркеледі және оны жұмыстардың орындаушылары өзгерте алмайды.

Екінші жағдай блоктық-кезеңдік ТҚК-ге жатады, ол кезде кезең көлемі шағын, технологиялық жағынан дербес жұмыс блоктарында қалыптасады. Блоктардың мазмұны және олардан кезеңдер қалыптастыру тәртібі тиісті құжаттамамен белгіленеді. Қызмет көрсетудің блоктық-кезеңдік әдісі ТҚК кезеңі мазмұнының оны жүргізудің нақты мүмкіндіктерімен жедел келісімділігін, жұмыс кезеңдерінің адаптивті қалыптасуының (нақты жағдайдың қажеттіліктеріне жауап беретін) және оларды құжаттаудың компьютерлік технологияларының қолдануға жарамдылығын қамтамасыз етеді.

99. Кезең-кезеңдік ТҚК-ге құжаттама әзірлеу пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құзыретіне жатады. Көрсетілген құжаттама кезең-кезеңімен орындалатын жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, ресімдеу және есепке алу тәртібін, қолданылатын карталар мен ведомостердің түрлері мен нысандарын белгілейді.

Қолданылатын шешімдер жалпы және үлгілі ПҚ талаптарын қанағаттандыруы, онымен кезең сыйысатын ТҚК кезеңі мен нысаны жұмыстарының орындалуын тіркеудің, ӘК-нің жарамдылығы туралы қорытынды және ұшып шығуға рұқсат беретін орындаушылар мен тұлғалардың жұмыстарын ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге тиіс.

100. Пайдаланушы және ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар әзірлейтін, ТҚК жұмыстарының түрлендірілген кешендерін орындау мазмұны мен кезеңділігін белгілейтін, бөлінген еңбекті қажетсінушіліктің кезең-кезеңдік ТҚК-ге құжаттама бөлімдері ӘК әзірлеушімен және уәкілетті органмен келісуге жатады.

Орындалған жұмыстарды ресімдеу мен есепке алу тәртібін, көрсетілген жағдайда қолданылатын карталар мен ведомостердің түрлері мен нысандарын ПҚ ұсынатын жалпы талаптарды сақтай отырып, пайдаланушы және ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар дербес белгілейді.

ТҚК жұмыстарының түрлендірілген кешендері (бөлінген еңбекті қажетсінушілік кезеңдері) пайдаланушы және ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар белгілейтін тәртіппен жұмыстардың кезеңділігіне берілетін рұқсаттар шегінде кезең-кезеңімен орындала алады.

101. Қызмет көрсетудің желілік әдістерін қолдану өндірістің есепке алынатын жағдайларына байланысты жұмыстарды орындаудың жүйелілігі мен уақытын толық регламенттеуге негізделген. Желілік жоспарлаудың компьютерлік технологияларын пайдаланған кезде шешімдердің жеделдігі мен сапасы айтарлықтай артады, жоспарлау әрбір орындаушының жеке жұмыс кестесін беруге дейін тереңдейді.

Қызмет көрсетуді ұйымдастыруға сараптамалық-директивалық тәсіл жағдайларында жұмыс барысының толық кестесі жасалмайды, олардың жүйелілігін өндірістік тапсырма және жұмыстар басшысы беретін бағдарды ескере отырып, орындаушылар дербес анықтайды.

102. ТҚК-нің жүйелік әдісі кезінде ӘК жүйесі (жүйелері) немесе жабдықтар түрлері орындаушының мамандану объектісі болып табылады. Көрсетілген әдістер бойынша жұмыстар жүргізу түрлі мамандану объектілерінің шоғырланған жерлеріне орындаушылардың қол жетімділігін үйлестіруді талап етеді (дайындық-қорытынды жұмыстардың келісімділігін, жұмыс бағыттарын, жалпы жұмыс орындарын кезектілікпен және бірлесіп пайдалану). ТҚК-нің жүйелік әдісін қолдану үшін техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) және нақты үлгідегі ӘК ұшін ЭД технологиялық бөлімдерін жүйелік тұтастыру қажет. Нақты жүйеге қызмет көрсететін маман тиісті даярлыққа және орындалатын жұмыстарға ресімделген рұқсатқа бар болуға тиіс.

103. ТҚК-нің аймақтық әдісі кезінде онда орналасқан жабдықтар мен жүйелер компоненттерінің кешенімен ӘК аймағы орындаушының мамандану объектісі болып табылады. Әрбір аймақ үшін орындаушылар жауапкершілігінің шекаралары мен жұмыс көлемдері анықталуы тиіс. Нақты аймаққа қызмет көрсететін маман тиісті даярлыққа және орындалатын жұмыстарға ресімделген рұқсатқа бар болуға тиіс. Егер техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) және ПҚ технологиялық бөлімдерін тұтастыру аймақтар бойынша орындалған болса, аймақтық әдіс қолданылымды.

Жүйелік немесе аймақтық ТҚК мақсаттары үшін ПҚ түрлендіру мәселелері оны әзірлеу үшін жауапты ұйымдар мен органдардың құзыретіне жатады. Нақты үлгідегі ӘК үшін тиісті ПҚ болған кезде ТҚК-нің аймақтық, жүйелік, аймақтық – жүйелік (алғашқы екі тәсілдің үйлесімі) әдістерін қолдану тәртібін пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар белгілейді.


§3. Әуе кемелерінде қозғалтқыштарды ауыстыру
104. ӘК-де қозғалтқыш айырбастауды оның ресурсын пайдаланғаннан кейін, стендіде қызмет көрсетуі үшін, сондай-ақ қозғалтқышта қозғалтқышты алмай жоюға болмайтын ақаулар анықталған кезде, ПҚ-да көзделген басқа жағдайларда және өндірістік қажеттілік бойынша жүргізеді. Қозғалтқышты ауыстыру жөніндегі жұмыстардан басқа ӘК-де АТ атқарымы немесе өзге параметрлер бойынша белгіленетін, кезекті ТҚК, бюллетеньдер бойынша түзеулерді және планер конструкциясын, қозғалтқыш алынған кезде ғана оларға қол жеткізілуі мүмкін жүйелер коммуникацияларының учаскелерін қарауды орындайды.

ӘК-де қозғалтқышты монтаждаудан кейін қозғалтқышты ауыстыруға байланысты ТҚК регламентіне сәйкес қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындайды.

105. Қозғалтқыштарды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды оларды орындауға рұқсат етілген мамандарға жүктейді. Қажет болған жағдайларда, дайындық жұмыстарын жүргізу үшін мамандар бригадасы (тобы) бөлінеді. Ол үшін арнайы жұмыс орындарын құрады, олар такелаждық және жуу құрылғыларымен, қозғалтқышты сыртқы консервациядан алуға және монтаждауға арналған стенділермен, ПҚ-да көзделген басқа да құрылғылармен жабдықталады.

106. ӘК-де қозғалтқышты бөлшектеуді (монтаждауды) ұйымдастыру тағайындалатын жұмыстар басшысына жүктеледі, ол техника қауіпсіздігі, алдағы жұмыстар технологиясының принципті ерекшеліктері жөнінде нұсқама өткізеді, нақты жұмыстардың орындалуы үшін жауаптыларды белгілейді.

107. ӘК-нің бюллетеньдер бойынша түзетулерін, басқа қосымша жұмыстарын қозғалтқыш алынған кезде жасап шығарушы зауыттың өкілдері немесе ТҚКЖ жөніндегі ұйымның, пайдаланушының осы жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілген мамандары орындайды.

108. Қозғалтқышты орнатқаннан кейін оны ішкі консервациядан алуды, сынауды жүргізеді және технологиялық карталарға (нұсқауларға) сәйкес бақылау және реттеу жұмыстарының кешенін, ал ПҚ-да көзделген жерде - әуе кемесінің бақылау пакетін орындайды.

109. Қозғалтқышты ауыстыру жөніндегі өндірістік тапсырма монтаждау және реттеу жөніндегі жұмыстар орындалғанда, оны сынаудан кейін қозғалтқышты сынап байқау және ТҚК жүргізілгенде, өндірістік-техникалық құжаттама ресімделгенде, ӘК-нің және қозғалтқыштың формулярларына, жинақтаушы бұйымдардың паспорттарына тиісті жазбалар жүргізілгенде аяқталды деп санайды.
§4. Әуе кемелеріндегі еңбекті қажетсінетін бөлшектеу-монтаждау және ерекше жұмыстар
110. Бұл жағдайда еңбекті қажетсінетін бөлшектеу-монтаждау жұмыстарына ӘК-ні бөлектеу мен жинастыруды, оның ірі көлемді бөліктерін, конструкция элементтері мен бұйымдарын бөлшектеуді және монтаждауды жатқызады. Жұмыстарды орындау үшін орындаушылар бөлінеді, жұмыстардың басшысы тағайындалады, оларды жүргізу тәртібі белгіленеді.

Жұмыстар басшысы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидасы, оларды орындау технологиясының принципті ерекшеліктері бойынша орындаушылармен нұсқама өткізеді, ПҚ-да көзделген құрылғылар, құрал-саймандар, бақылау және жер бетінде қызмет көрсету құралдарын дайындауды ұйымдастырады.

111. Бөлшектеу-монтаждау жөніндегі операцияларды және реттеу жұмыстарын АТ әзірлеушісінің технологиялары бойынша орындайды. АТ әзірлеушісінің технологиясы жоқ операциялар мен жұмыстарды қажет кезде АТ әзірлеушісімен келісілген, пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейтін технологиялар бойынша орындайды. Сертификатталған АТ-да көрсетілген жұмыстар АТ әзірлеушісінің технологиялары бойынша ғана жүргізіледі.

Планердің бөліктерін (қондырғы күшімен), АТ бұйымдарын бөлшектеуден кейін жән бөлшектерінің, оларды бекітудің жай-күйін мұқият тексереді (ПҚ-ға сәйкес), оларды бақылау конструкцияның элементтері алынған кезде ғана мүмкін болады.

112. ӘК бөліктерін көтеруге және түсіруге, бөліктерді планердің күш түзілімдеріне қосуға және оларды ажыратуға байланысты жұмыстарды жұмыс басшының командасы бойынша орындайды. Командаларды дауыстап береді және сигналдармен қайталайды (4-қосымша). Жоғары шу жағдайларында командалар беру үшін мегафон немесе радиобайланысын қолданады.

Жүкті көтеру (түсіру) жұмыстарын орындайтын орындаушылардың көтеру-түсіру жұмыстарына рұқсаты болады.

113. Ерекше жұмыстарға ӘК-нің ақауларын немесе зақымдануларын жоюға байланысты еңбекті қажетсінетін операцияларды жатқызады:

1) оларды жоюға технологиялық құжаттама әзірленбеген, күш элементтерінің ақаулары;

2) ӘК-де пайдаланымдық жүктемесіне байланысты зақымданулар;

3) бөліктерге және конструкция элементтеріне агрессивтік немесе улы заттардың түсуі;

4) қол жетімділігі қиын жерлердегі ірі габаритті бөлшектердің түзілімдердің коррозияға ұшырауы. ӘК-де көрсетілген жұмыстарды орындау қажеттігі кезінде пайдаланушы бұл туралы уәкілетті органның бейінді бөлімшесінің басшысын хабардар етеді және қажет жағдайларда ИАҚ мамандарынан, әзірлеушіден, жөндеу зауытынан комиссия құрады, оған мыналар жүктеледі:

ӘК-ні дефектациялау; (зақымданудың) пайда болу жарамсыздықтың себептерін анықтау;

қажетті күштер мен құралдарды қалпына келтірудің, жұмыстарды орындау мерзімдерінің мақсаттылығын анықтау;

ақауларды жою (агрессивтік немесе улы заттарды аластау) жөнінде технологиялық құжаттама әзірлеу;

жарамсыздықтардың (зақымданулардың, дұрыс пайдаланбау жағдайларының) алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Жұмыс қорытындылары бойынша комиссия анықталған ақауларды жоюдың тәртібі туралы ұсыныстармен акт жасайды, оны ӘК пайдаланушы/барсінің басшысы бекітеді.

Қажет кезде комиссияның құрамына басқа құзыретті ұйымдардың өкілдерін енгізеді. Ақауларды (зақымдануларды) жою үшін мамандар бөлінеді және көрсетілген жұмыстардың басшысы тағайындалады.

Жұмыстар басшысы орындаушылармен алдағы жұмыстардың технологиясын зерделейді және оларды қауіпсіз орындау қағидасы жөнінде нұсқама өткізеді, қажетті техникалық құралдар мен материалдарды дайындауды ұйымдастырады, жұмыстардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, құжаттаманы ресімдейді.

Ақаулардың (зақымданулардың) жойылуын орындаушылар және бақылауды жүзеге асыратын адамдар дефектацияға жасалған нарядта қолдарын қойып растайды. Қажет кезде ӘК-нің (қозғалтқыштың) формулярында жазбалар жүргізіледі.
6-тарау. Техникалық қызмет көрсетудің ерекше түрлері
§1. Маусымдық қызмет көрсету
114. Авиация техникасына ТҚК ерекше түрлеріне қызмет көрсетулерді жатқызады: маусымдық, арнайы, сақтау кезінде және төтенше метеорологиялық жағдайларда.

Авиация техникасына маусымдық ТҚК егер бұл ПҚ-да көзделген болса, ӘК-ні күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдердегі жұмыстарға дайындау кезінде орындалатын жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. АТ-ны маусымдық дайындау туралы нақты нұсқаулар ӘК нақты үлгілерінің және авиация техникасы бұйымдарының ПҚ тиісті бөлімдерінде келтіріледі.

Авиация техникасына маусымдық ТҚК-нің алдында немесе онымен бір мезгілде мыналар жүргізіледі:

1) пайдаланушының және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның туатын маусымдағы жұмысқа дайындық жоспарын әзірлеу;

2) маусымдық дайындау объектілерін қабылдау жөнінде комиссиялар құру;

3) ӘК-ні пайдалану ерекшеліктерін және АТ-ны алдағы кезеңде пайдалануға дайындау жөніндегі жұмыстардың мазмұнын зерделеу жөнінде ИТҚ-мен сабақтар өткізу;

4) өткен ұқсас маусымда АТН-ны техникалық пайдалану және ТҚКЖ жүргізу тәжірибесімен алмасу бойынша техникалық конференция;

5) алдағы кезеңде АТ-ны пайдалану ерекшеліктері бойынша ИТҚ білімдерін тексеру;

6) пайдаланушының және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның ғимараттары мен құрылыстарын, олардың тұрақты жабдықтарын, сондай-ақ өрт сөндіру, сигнализация, байланыс, жылыту, су және электрмен жабдықтау құралдарын дайындау;

7) осы кезеңде ӘК-ні пайдалану үшін пайдаланылатын, жалпы және арнайы қолданыстағы жер бетінде қызмет көрсету құралдарын дайындау және оларды жөндеу;

8) алдағы кезеңде пайдаланылмайтын авиатехникалық мүлікті сақтауға тапсыру.

115. АТ-ны алдағы маусымда пайдалануға дайындаудың тәртібі мен мерзімдерін пайдаланушылар мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар белгілейді.

ӘК-де техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) көзделген жұмыстарды және пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымның өндірістік қызметінің жағдайларына, оны жоспарлы пайдалану орындарында АТ-ны пайдалану ерекшеліктеріне байланысты қосымша жұмыстарды орындайды. Маусымдық дайындау объектілерін қабылдауды пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымның комиссиясы жүзеге асырады, олардың жұмыс нәтижелері объектілерді маусымдық кезеңде пайдалануға дайындығы және ӘК-ні пайдалануға рұқсат ету туралы қорытындыны қамтитын актілермен ресімделеді.

Маусымдық кезеңде ӘК-ні пайдалануға рұқсат ету туралы қорытынды маусымдық ТҚК карта-нарядында жүргізіледі. Ресімделген карта-нарядтар негізінде ӘК формулярларына тиісті жазбалар енгізіледі («Регламенттік жұмыстарды орындау» бөлімі).

116. ӘК иелерінің өтінімдері бойынша жөндеудегі әуе кемелеріне маусымдық ТҚК жөндеу жүргізуші кәсіпорын орындайды, бұл туралы ӘК формулярында тиісті жазба жүргізіледі.
§2. Арнайы қызмет көрсету
117. ӘК-де арнайы ТҚК ерекше күрделі жағдайларда ұшудан кейін (тиісті жағдайлардың тізбесі техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) көрсетіледі), сондай-ақ қарлы дауылды желдің немесе жердегі шаңның әсеріне ұшыраған кемелерде, олардың құрамы нақты үлгідегі ӘК үшін техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) айқындалатын басқа жағдайларда жүргізеді.

118. Техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) көрсетілген күрделі жағдайлардың әсеріне ұшыраған әуе кемесін арнайы қызмет көрсету жүргізілгенге дейін ұшуға шығаруға рұқсат етілмейді. ӘК-ні ұшудан шеттету және арнайы ТҚК орындау үшін негіздеме мыналар болып табылады:

1) ӘК командирінің борт журналында төтенше жағдайлардың әсері туралы жазбасы;

2) төтенше жағдайлардың ӘК-ге әсері туралы объективті бақылау аспаптарының жазбалары;

3) төтенше жағдайлардың әсерінен ӘК-нің зақымдануы;

4) ӘК-ге дауылды желдің (қарлы, шаңды және басқалары) әсері.

119. Төтенше әсерлерге ұшыраған ӘК-нің техникалық жай-күйін анықтау үшін пайдаланушы комиссия құрады, ол өткен оқиға туралы ақпарат жинауды және талдауды жүргізеді, ӘК-ні тексереді және алынған нәтижелер бойынша ТҚК және оларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының қажетті көлемін белгілейді.

Қажет кезде комиссияның жұмысына басқа құзыретті ұйымдар мен органдардың мамандары тартылады.

ӘК-ні тексеру кезінде анықталған жарамсыздықтар ақаулар ведомосына тіркеледі. ӘК-нің жарамдылығы нақты жағдайға сәйкес жұмыстарды орындағаннан кейін оларды орындаушылардың және ТҚК жетекшісінің жұмыстар жүргізу карта-нарядында қойылған қолдарымен расталады. ӘК-ні жөндеу қажеттігі кезінде комиссия тиісті қорытындымен акт жасайды.

120. Арнайы ТҚК жұмыстарын пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның нақты үлгідегі ӘК-ге техникалық қызмет көрсету үшін жауапты бөлімшелері орындайды.

ӘК-нің жарамдылығын пайдаланушының күшімен қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайларда, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын өзара уағдаласушылық негізінде қажетті мүмкіндіктерге бар ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар орындайды.

121. ӘК-ні қауіпсіздікке арнайы қарап тексеру:

1) осы жұмыстарды жүргізуге арнайы құжаттама белгілейтін жағдайларда ӘК-ні ұшып шығуға дайындау кезінде;

2) ӘК-де жарылғыш немесе басқа да қауіпті құрылғылардың қойылғаны туралы хабарламалар мен күдіктер болған кезде;

3) кеме күзетсіз болған жағдайда (немесе пайдаланушы басшысының арнайы өкімі бойынша);

4) ұшуда ӘК бортында заңсыз араласу актісі жасалғаннан кейін (қолға түсіру немесе айдап кету әрекеттері) жүзеге асырылады.

ӘК-нің қауіпсіздігіне арнайы қарап тексеру жүргізуді борт журналында және ТҚК карта-нарядында жазбалармен ресімдейді.
§3. Сақтау кезінде қызмет көрсету
122. Техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) белгіленген, қырықтан артық ұшқанда үзілістер кезінде әуе кемесін сақтауға қояды. Бұл жағдайда қажетті жұмыстарды орындауды ұйымдастыру тәртібін пайдаланушының ИАҚ белгілейді.

123. Оларды сақтауға көшіру, сақтаудан алу кезіндегі ӘК-дегі және бұйымдардағы жұмыстар көлемі, сақтау мерзімдері – пайдалану құжаттамасында белгіленеді.

Егер ӘК-ні (бұйымды) сақтау мерзімі тоқтатып қою мерзімінен асып түссе, онда оны қайтадан тоқтатып қою жүргізіледі. Сондай-ақ егер оларды басқа құралдармен тасымалдау уақыты бұйымда тоқтатып қоюсыз сақтаудың ең аз мерзімінен асып түссе, жөндеуге жіберілетін ӘК (бұйым) де тоқтатып қоюға жатады.

ИАҚ оларды қайта тоқтатып қоюға рұқсат етілмейтін бұйымдардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.

124. Пайдаланушының ИАҚ-та сақтаудағы ӘК және бұйымдарды тоқтатып қою және қайта тоқтатып қою мерзімдерін есепке алу ұйымдастырылады.

125. Тоқтатып қойылған ӘК-лерді алаңдарда (тұрақтарда) сақтайды, шынжырлап бекітіп қояды (егер бұл ЭПҚ-да көзделсе), жерге қосады, қаптамалар, қақпақтар және сақтандарғыш құрылғылар орнатады. ӘК-ні сақтау кезінде онда қарды, мұзды, шаңды кетіруді, қаптамаларды кептіруді, кабиналар мен бөліктерді желдетуді, арқандап байлауды, жерге қосуды, өрт сөндірудің тұрақтағы құралдарын қоса алғанда, техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) көзделген жұмыстарды орындайды. Жүйелердің жұмыс қабілеттілігін тексеру жөніндегі жұмыстардың көлемі ӘК-нің жай-күйі мен толықтығын ескере отырып, нақты жағдайларда белгіленеді (зақымданулардың, бөлшектенген бұйымдардың болуы және тағы сол сияқты). ӘК-нің жай-күйіне байланысты жұмыстар көлемінің қысқаруы жұмыстар жүргізудің карта-нарядына қоса берілетін техникалық актіде құжатталады.

Сақтаудағы ӘК-мен бірге бұйымдар мен бөлшектерді басқа ӘК-лерге қайта орнату осы Қағиданың 20-тармағының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

126. Тоқтып қойылған ӘК-ден алынған бұйымдарды ПҚ талаптарына жауап беретін жағдайларда сақтайды. Мұндай бұйымдардың биркаларында олар алынған ӘК-нің нөмірін, тоқтатып қойылған және қайта тоқтатып қойылған күндерін көрсетеді. ӘК-ге орнату үшін қоймалардан алынған бұйымдарды, сондай-ақ жөндеу қорының бұйымдарын тоқтатып қойылған күйде сақтайды. Бұл ретте жарамды және жарамсыз бұйымдар бөлек сақталуға тиіс.

Бұйымдарды (бөлшектерді) тоқтатып қоюды, қайта тоқтатып қоюды және тоқтатып қоюдан алуды арнайы жабдықталған ғимараттарда жүргізеді.

127. ӘК-ні ұшуға дайындау кезінде сақтаудан кейін оны тоқтатып қоюдан алады, уақытша алынған бұйымдарды орнатады, жүйелердің жұмыс қабілеттілігін және жұмыс істеуінің дұрыстығын тексереді, ТҚК регламентінде көзделген басқа да жұмыстарды орындайды.

128. Сақтауға дайындау, сақтау және ұшуға дайындау кезінде орындалған жұмыстар туралы ӘК-нің және бұйымдар формулярларының (паспорттарының) тиісті бөлімдеріне жазады.

129. ИАҚ-тың лауазымды тұлғалары АТ-ны тоқтатып қоюдың толықтығын, мерзімдерін және сапасын қамтамасыз етеді.


§4. Әуе кемелеріне төтенше метеорологиялық жағдайларда қызмет көрсету. Табиғи апаттар кезіндегі іс-әрекеттер
130. ӘК-де жұмыс істейтін инженер-техник персоналының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін төтенше метеорологиялық жағдайларда төтенше метеорологиялық жағдайларға: дауылды жел, шаңды (құмды) дауыл, боран, найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, ауаның ерекше төмен (жоғары) температурасы) және тағы сол сияқты) ӘК-дегі ТҚК жұмыстарының тікелей басшысы олардың өндірісін уақытша тоқтатып қояды және персоналдың қауіпсіздігін, АТ-ның және жер бетіндегі жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етудің тиісті шараларын қабылдайды. ТҚК жүргізу мүмкін болған жағдайларда жұмыстардың басшыларды жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін, жұмыстың қажетті сапасын және авиация техникасының сақталуын қамтамасыз етеді.

131. Төтенше жағдайларда ӘК-ге қызмет көрсету кезінде жұмыстардың орындаушылары:

1) жүйелер мен алынған бұйымдардың ашық қуыстарына, статикалық және ауа қысымы толық қабылдағыштарына, отын бактары мен ыдыстардың ішіне, кабиналарға, бөліктерге, су, қар, шаң жиналуына жол ерілмейтін басқа да жерлеріне судың, қардың және шаңның түсуін болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;

2) ӘК-ні арқандап байлау немесе күшті жел кезінде ӘК-нің зақымдануын болдырмайтын, кеменің осы түрі үшін ПҚ-да көзделген басқа да шаралар қабылдауға, дөңгелек астына тіреу негіздерін орнатуға, әуе кемесін басқару органдарын табуға;

3) ӘК-нің жанындағы құрылғыларды, бөлік люктерінің қақпақтарын, ӘК-нің сыртқы жылжымалы элементтерін, жер бетінде қызмет көрсету құралдарын, АТ-ның жай-күйін бақылаудың жер бетіндегі құралдарын дұрыс орналастыруға, қажет болған кезде бекітуге, ӘК-ні зақымданулардан қорғау жөнінде басқа да мүмкіндікті шараларды қабылдауға;

4) оның жиналған жерлерінен суды қотаруға, балшықты тазартуға, ӘК тіреуіштері штоктарының, жоғарғы бөліктерінің басқа да жүйелері гидроцилиндрлерінің тазалығын тексеруге (төтенше жағдайлар әрекеттері аяқталғаннан кейін);

5) желдің ПҚ-да келтірілген шектеулерден асып түсетін жылдамдығы кезінде ӘК-ні көтергіштерде қалдырмауға және оларды көтермеуге;

6) қар жауған және борандар кезінде қар жиналып және тығыздалып қалуы мүмкін қанаттағы, фюзеляждағы, гондолалардағы, ауа жинайтын құрылғылардағы қуыстарды мұқият тексеруге және қардан тазартуға (төтенше жағдайлар әрекеттері аяқталғаннан кейін) тиіс.

Найзағай кезінде (әуежай ауданында) ӘК-ге отын құюды тоқтату қажет. Орындаушы, кеменің ТҚК үшін жауаптысы ӘК-нің және оған қосылған жалпы қолданыстағы жер бетінде қызмет көрсету құралдарының жерге қосылғандығына көз жеткізулері қажет.

132. Қоршаған ауаның төмен және жоғары температуралары кезінде ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуді нақты үлгідегі ӘК үшін ПҚ-да көзделген талаптар мен шектеулерді сақтай отырып жүргізу қажет.

133. МА-ның әрбір ұйымында (әуежай, пайдаланушы, ТҚКЖ жөніндегі ұйым) дауыл ескертулерін, АТ-ның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі хабарламаларды алудың, хабарландырудың, шақыртулар мен іс-әрекеттердің онда белгіленген тәртіпке сәйкес табиғи апаттар кезінде тиісті бөлімшелер персоналының іс-қимылдары туралы нұсқаулық әзірлейді.

Дауыл ескертуі немесе басқа қауіптілік сигналы түскен кезде сигналды қабылдаған лауазымды тұлға тиісті бөлімшелердің басшыларын шұғыл хабардар етеді, олар көрсетілген нұсқаулықтың талаптарына сәйкес бағынысты персоналдің іс-әрекеттерін ұйымдастырады.

134. ИАҚ бөлімшелері басшыларының және жоғары лауазымды тұлғаларының өкімдері стихиялық апаттар кезінде әуежай басшысы, пайдаланушы және ТҚКЖ жөніндегі ұйым бекіткен, әуежайдағы АТ-ның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар схемасына сәйкес, ИАҚ-тың оперативтік бағынысына бөлінген басқа қызметтер (арнайы көлік, ЖЖМ, әуежай және басқалары) персоналының орындауына жатады.
7-тарау. Авиациялық техникаға жай-күйі бойынша техникалық қызмет көрсету
1. Негізгі ережелер
135. Пайдаланушының және ТҚКЖ бойынша ұйымның ИАҚ-ында АТ-ға техникалық қызмет көрсету жұмыс істеуі мен жай-күйі бойынша жүзеге асырылады. Жай-күйі бойынша техникалық қызмет көрсету параметрлерін бақылай отырып және сенімділік деңгейін бақылай отырып орындалады.

136. АТ-ға жай-күйі бойынша техникалық қызмет көрсету кезінде ӘК-дегі жұмыстың кезеңділігі мен көлемі диагностикалық параметрлердің немесе бір үлгідегі бұйымдар (тұтастай ӘК авиациялық техникасының бұйымдары, оның құрамдас бөлшектері, қозғалтқышы, олардың құрауыш бұйымдары) сенімділігі көрсеткіштерінің мәндерімен айқындалады. Диагностикалық параметрлер деп нақты бұйымның техникалық жай-күйін айқындайтын оның қасбартінің сандық сипаттамасы түсініледі. Бұйымның жарамды жай-күйден жарамсыз жай-күйге өту сәті оның параметрінің істен шығу алдындағы шекті мәнімен сипатталады, оған жеткен кезде бұйымның жарамдылығын қалпына келтіру жөніндегі операцияларды жүргізу талап етіледі.

137. Авиациялық техникаға жай-күйі бойынша ТҚКЖ қолданудың мақсаты ӘК-нің техникалық жай-күйінің сапасы мен дұрыстығын арттыру, ұшу қауіпсіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету кезінде пайдалану шығыстарын азайту (жұмыс істеуі бойынша қызмет көрсетумен салыстырғанда) болып табылады.

138. Жай-күйі бойынша қызмет көрсететін әуе кемелері (жүйелер, бұйымдар) ТҚКЖ-ының жедел, кезеңді, маусымдық және басқа түрлерін ұйымдастыру мен оның тәртібі жұмыс істеу бойынша қызмет көрсету кезіндегідей болып қалады. Бұл ретте ПҚ әуе кемелеріне қажетті өзгерістер енгізеді.

139. Пайдаланушының немесе АТ-ға жай-күйі бойынша ТҚ-ға арналған шарт жасалған ұйымның ИАҚ-ын дайындау өндірістік база әзірлігінің қажетті шарттарын айқындайтын уәкілетті орган құжаттарының негізінде жүргізіледі, пайдаланушының ИАҚ мен ТҚКЖ жөніндегі ұйым АТ-ны, өндірісті, ПҚ мен мамандарды даярлау жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешенін соларға сәйкес жүзеге асыруға, сондай-ақ:

1) ИАҚ, ұшу бөлімшелерінің, пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басқа да қызметтерінің қосымша функциялары мен өзара іс-қимыл жасау ерекшеліктерін;

2) авиациялық техниканы техникалық пайдалануды құжаттамалық сүйемелдеу ерекшеліктерін;

3) авиациялық техниканы диагностикалаудың жаңа құралдарын пайдалану шарттары мен ерекшеліктерін айқындауға тиіс.

140. Егер авиациялық техниканың диагностикалық параметрлерінің практикалық қажетті кешені толық берілсе, штаттық бақылау-өлшеу құралдары мен техникалық пайдаланудың барлық кезеңдерінде АТ-ның беріктік және функционалдық сипаттамаларын, оның жұмыс қабілетінің қорларын дұрыс айқындау технологиясы болса, ұдайы пайдалану шарттарында АТ-ның жарамдылығы мен жұмысқа қабілетін экономикалық жағынан қолайлы мерзімде қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пайдалану технологиялылығының жеткілікті деңгейі қамтамасыз етілсе, ол жай-күйі бойынша ТҚКЖ-ға жарамды деп танылады.

141. Егер өндірістік база, АТ мен мамандар әзірлігінің уәкілетті орган мен ПҚ-да белгіленген шарттары іс жүзінде сақталса, пайдаланушының ИАҚ пен ТҚКЖ жөніндегі ұйым және олардың құрылымдық бөлімшелері АТ-ға жай-күйі бойынша қызмет көрсетуге даярланған деп саналады.

142. Нақты АТ-ға жай-күйі бойынша қызмет көрсету мүмкіндігін АТ-ны дайындаушы және/немесе уәкілетті орган, ал пайдаланушының ИАҚ пен ТҚКЖ жөніндегі ұйымның тиісті әзірлігін уәкілетті орган белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет