Ата-ана құқықтарынанайырудың салдары болып балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық мүліктік және мүліктік емкес жеке құқықтарды жоғалту саналады. Мұндай құқықтарға атап айтқанда: балаларды тәрбиелеуге, олардың мүдделерін қорғауға құқық, балаларын өзге тұлғалардан талап ету құқығы, кәмелетке толған балалардан асырауға қаражат алу құқығы, балалары қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагерлікке құқық жіне басқалары жатады. Сондай-ақ мұндай жағадай балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады.
Бірақ баламен құқықтық байланыс толығымен тоқтатылмайды. Заң ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады. Бала ата-анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне негізделген өзге де мүліктік құқықтарды сақтайды, оның ішінде мұра алу құқығы, тұрғын үйге меншік құқығы немесе тұрғын үйді пайдалану құқығы.
Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата-анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі. Ата-анасы ата-ана құқығынан айырылған бала «бұрынғы» ата-аналарының келісімінсіз асырап алынуы мүмкін. Бірақ бұл ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешім шығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде ғана жол беріледі (НОТЗ 69-бап).
Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың ата-ана құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін (НОТЗ 70-бап). Бұл, егер ата-аналар (олардың біреуі), мінез-құлқын, тұрмыс салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, болады, және ол ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Он жастан үлкен бала бұған келіспеген жағдайда, сондай-ақ істі сотта қарау кезінде бала асырап алынған болса, ата-аналық құқықтарды қалпына келтіруге жол берілмейді. Он жастан төмен баланаың ата-ана құқықтарының қалпына келтіруі қатысты келімі болмаған ретте, оның да пікірі ескерілуі керек, бірақ баланың қарсылығы өзге факторлардың жиынтығымен қаралады. Ата-аналық құқықтарды қалпына келтіру туралы талап-арызбен бірге баланы ата-аналарға (олардың біріне) қайтару туралы талап та қаралуы мүмкін. Бірақ құқықтарды қалпына келтіру туралы талапты қанағаттандыру баланы ата-аналарға міндетті беруді білдірмейді. Ата-анасы ата-ана құқығынан айырылған уақыт ішінде бала өзге тұлғаларға, мыс., қамқоршысына бауыр басып қалуы мүмкін. Сондықтан сот бұл мәселені шешу кезінде баланың мүдделерін және оның пікірін ескеру қажет.
8. Ата-ана құқықтарын шектеу. Сот бірқатар жағдайлардаа ата-анадан (олардың біреуінен) ата-ана құқықтарынан айырмай баланы алып қою туралы шешім қабылдауы мүмкін. Мұндай жағдайларада сот ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығарады. Мұндай шешімді шығару үшін заң екі топтағы негіздерді көздейді:
егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар бойынша бала үшін қауіпті болса (мыс., психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың және с.с. салдары);
ата-аналардың кінәлі мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі.
Егер ата-аналар (олардың біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Басқаша айтқанда, ата-ана құқықтарынан айыру бір жағдайларда ата-ана құқықтарын айыру алдында болатын, алдын алушы санкция түрінде болады, ал басқа жағдайларда – кінәлі ата-анаға ықпал ету ету үшін қажетті., дербес санкция ретінде болады.
Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген органдар мен мекемелер (НОТЗ 68-б.1-т.), мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін және басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады және ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер тек сот тәртібінде, прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады. Қамқоршы және қорғаншы орган сотқа кәмелетке толмаған баланың өмір жағдайларын зеттеу актісін ұсынады және ата-ана құқықтарын шектеу орындылғы туралы қорытынды береді. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата-аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.
Бірақ өмірде ұзақ сот процедурасының аяқталуын күтуге уақыт болмайтын жағдайлар болады, өйткені баланың өмірін және денсаулығын құтқару үшін жедел шараларды қабылдау қажет. Мұндай жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың біреуінен) немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы. Алып қоюды жүргізу үшін жергілікті атқарушы органның тиісті актісін алу жеткілікті. Бұл ретте қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті. Баланы айырып алу туралы жергілікті атқарушы органның актісі шыққаннан кейін жеті күн ішінде қорғаншы және қамқоршы орган сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті (НОТЗ 74-бап).