Франчайзингшарттары бойынша төлем жүргізудің нысандары, тәсілдері мен мерзімдері кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттары тараптарының келісімдерімен анықталады. Сыйақы төлеудің қалыптасқан тәжірибесі бар. Олар лицензиат пен лицензиарға белгіленген бір жолға немесе кезеңдік төлемдер нысанында, түскен сомадан бөлу нысанында, қайта сату үшін лицензиармен берілетін тауарлардың көтерме бағасын өсіру жолымен және шартпен көзделген басқа да нысанда төленуі мүмкін.
2. Кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты. Кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шартын, лицензиардың лицензиатпен негізгі шартынан неғүрлым ұзақ мерзімге жасасуға болмайды. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының токтатылуы осыған сәйкес жасалған барлық кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шартын тоқтатады. Егер заң актілерінде көзделген негіздер бойынша лицензиатпен лицензиардың негізгі шарты жарамсыз деп табылса, осыған сәйкес жасалған кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарттары да жарамсыз деп табылады. Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында өзгеше көзделмесе, ол мерзімнен бұрын токтатылған кезде, кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты бойынша лицензиаттың құқықтары мен міндеттері лицензиарға ауысады. Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында өзгеше көзделмесе қосалқы лицензиаттардың іс-әрекетімен лицензиарға келтірілген зиян үшін лицензиат субсидиарлық жауапты болады.
Лицензиар өзінің фирмалық атауын өзгерткен жағдайда кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты сақталады, егер лицензиат шартты бұзуды және залалды өтеуді талап етпесе, лицензиардың жаңа фирмалық атауына қатысты қолданыла береді. Шарттың қолданылуы сақталған жағдайда лицензиат лицензиарға тиесілі сыйақыны мөлшеріне қарай азайтуды талап етуге құқылы.
Кешенді лицензиат лицензиармен негізгі франчайзинг шартынан басқа өзге де шарттар бекітуге құқылы. Заңнамамен немесе шартпен кешенді лицензиаттың өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты өзінің әрекет етуін, лицензиат өзіне берілген құқықтарды жүзеге асыратын бүкіл кезеңге сақтап қалады. Сол бір немесе өзге себептер бойынша лицензиар өзінің фирмалық атауын өзгерткен жағдайда да шарт өз күшінде қалады. Бұл орайда лицензиялық кешеннің құрамында берілген ескі фирмалық атауды жаңа фирмалық атауға ауыстыру жүзеге асады. Лицензиаттың еркі бойынша ол шартты бұзуды талап ете алады. Шарт күші сақталған жағдайда лицензиат лицензиарға тиесілі сыйақының тиісінше азайтылуы таап етуге құқылы.
Осыған ұқсас норма лицензиялық кешен құрамындағы бір немесе бірнеше құқықтарды өзгерту жағдайлары үшін көзделген. Бұл мысалға патенттің әрекет ету мерзімінің өтіп кетуі салдарынан өнертапқыштыққа деген құқықтың заң бойынша қорғалуы тоқтатылған жағдайларда орын алуы мүмкін.
Франчайзинг шарты бойынша жауапкершілік жағдайларына оның кәсіпкерлік сипаты әсер ететіні сөзсіз. Талаптардың әрқайсысы шарттарды орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен егер олардың өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы бой алдырмайтын күш жағдайларының әрекет ету салдарынан орын алуын дәлелдесе босатылуға тиіс.
Лицензиар тарапынан құқық бұзушылықтар одан талап етілетін құжаттаманы ақпаратты бермеген көрініс табуы мүмкін. Бұған қоса лицензиар егер лицензиат үшін негізсіз шектеулер белгілесе оны фирмалық атаудың беделділігі, интеллектуалдық меншіктің сол бір немесе өзге объектілерінің құндылығы туралы жаңылыстырылса және осымен оған зиян келтірсе, жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты заңнамада көрсетілген жалпы негіздер бойынша тоқтатыла алады. Мерзімі көрсетіліп жасалған шарт оның әрекет ету мерзімі өткеннен кейін тоқтатылатын болады. Мерзімі көрсетілмей жсалғна шарт лицензиат берілген құқытардың барлық көлемін жүзеге асырғанда тоқтатылуы мүмкін. Егер құқытардың көлемі бойынша шектеулер көзделмеген болса, онда шарт тараптар өзара келісім бойынша оның әрекетін тоқтатпағанша, әрекет ететін болады. Мерзімсіз кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында шарттан оның кез келген тарабы бас тарта алады. Бірақ екінші тарап бұл туралы айы бұрын хабардар етілуге тиіс. Бұл тарап императивтік болып табылады және хабардар ету мерзімі тараптармен азайтыла алмайды. Шарттағы осы жайлы талап егер шарт бұзылатын тарап өз құқықтарын қорғағысы келсе, жарамсыз болады. Шартпен мерзімі көрсетілмей жасалған кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын бір жақты түрде бұзу туралы хабардар ету үшін неғұрлым ұзақ мерзім көзделуі мүмкін.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты: ұғымы және нысаны.