Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын алу және онымен байланысты психикалық даму ерекшеліктері болып табылады. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру құрылымы төмендегідей: 1) бастауыш білім беру деңгейі 0, 1-4 сыныптар; 2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі орта білім беру деңгейінен кейін бітірушілер жалпы орта білім беру деңгейінде және мамандық алу үшін жалпы білім беру мектебіне немесе техникалық кәсіптік колледждерге ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |