“Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты”


Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық дамуының ерекшеліктерін анықтауда жанжақтылықты қамтамасыз ететін жүйелілік принципін сақтау қажет: есту қалпын, вестибулярлы аппараттың қалпын, қозғалыс жән



бет8/14
Дата18.04.2022
өлшемі3,49 Mb.
#139860
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық дамуының ерекшеліктерін анықтауда жанжақтылықты қамтамасыз ететін жүйелілік принципін сақтау қажет: есту қалпын, вестибулярлы аппараттың қалпын, қозғалыс және сөйлеу дамуының деңгейін.

Есту бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары


Естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары есту мен көру негізінде қарым-қатынас пен ойлау құралы ретінде ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен тығыз байланыста бола отырып, балаларды жан-жақты дамытуды, өз бетінше өмір сүруге қажетті жалпы білім алу, еңбек ету және әлеуметтік дайындықтан өту үшін олардың психикалық және дене дамуындағы ауытқушылықтарын түзету мен орнын толтыруды жүзеге асырады.
Интеллектісі сақталған есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларды оқыту мынадай тәртіпте:
1) естімейтін оқушылар дайындық сыныбы мен 1-7 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 8 сыныптан бастап оқушылардың білім алудағы мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жалпы білім беру мектептерінің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша;
2) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар дайындық және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5 сыныптан бастап оқушылардың білім алудағы мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жалпы білім беру мектептерінің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша;
3) ақыл-ой кемістігі бар естімейтін және нашар еститін оқушылар зерде бұзылыстары бар балалар мен есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған бағдарламалар мен оқулықтар бойынша іске асырылады.
Есту арқылы қабылдауы мен айтуын дамыту бойынша жеке сабақтар оқу күні ағымында және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.
Оқушылардың есту арқылы қабылдауы мен айтуын дамыту бойынша жеке сабақтарға бару кестесі білім беру ұйымының әкімшілігімен бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет