Көру бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары
Көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларға арналған арнайы жалпы білім беру ұйымының міндеттері алғашқы ауытқушылықтар, қимыл-қозғалыс аясының бұзылыстарының, кеңістікте бағдарлауының орнын толтыру, ұғымдар мен түсініктер жүйесін қалыптастыру, заттық-практикалық қызметін, әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Көрмейтін және нашар көретін оқушыларды оқыту негізгі мектептегі оқыту мерзімі ұлғаюына байланысты оқу материалын өзгерту және қайта қарастыру ескерілген жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша іске асырылады.
Көрмейтін оқушыларды оқыту процесінде Брайль жүйесі бойынша рельефті-нүктелік қаріппен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары, оқу құралдары мен әдебиеттері қолданылады.
Нашар көретін оқушыларды оқыту көру арқылы қабылдауы үшін қолжетімді ірі қаріппен және арнайы дайындалған суреттермен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары бойынша жүргізіледі.
Күрделі бұзылыстары бар көрмейтін және нашар көретін оқушылар барлық оқу жылдарында арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалар бойынша білім алады.
Көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларды оқыту процесінде жұмыстың арнайы түрлері мен әдістері, көрнекі құралдар, тифлотехника және басқалары қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |