ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


мақсат және сол мақсаттарға жету  құралы



Pdf көрінісі
бет120/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

мақсат
және сол мақсаттарға жету 
құралы
көзделген. Егер Августин адами заңдардың қажеттігін адамның 
бастапқы күнәһарлығынан көрсе, Ф.Аквинский 
табиғи қажеттіліктен
шығарады. Олар табиғи заңдардың нақтылануы сияқты және соларға 
сай болуға тиіс. Адам ақылының нәтижесінде жаратылыс заңдарынан 
адамның азаматтық құқықтары келіп шығады. Мысалы, өмірді 
сақтау – табиғат заңы, ал одан: «Өлтірме!» – деген қағида туады. Ада-
ми заңдарда нақтылана отырып, адамды қасақана ниетпен өлтіру не-
месе адам өлтіру фактісінің кездейсоқ орын алғаны айқындалады. 
Тиісінше, қылмыс істеген адам жазаланады. Қылмыскерлерді қоғамнан 
оқшаулай отырып, заң адал ниетті адамдарды қорғайды. Алғашында 
қылмыскер заң талаптарына мәжбүрлі түрде бағынады, кейіннен бұл 


82
дағдыға айналады. Ақырында, қылмыскер адал адам болып шыға ала-
ды. Заңның 
тәрбиелік
мәні осында жатыр.
Ф.Аквинскийдің табиғат заңдарына қайшы келгенде, адами 
заңдардың күштерін жоятыны туралы ойына назар аударайық. Ада-
ми заңдардың негізінде әділеттілік жатуға тиіс, әйтпесе қоғамды 
сыбайласқан жемқорлық, билікті асырапайдаланушылық жайлайды.
Ф.Аквинскийдің ойынша, биліктің ең қолайлы түрі – монархия, ал 
ең жаманы – заңсыздықтар мен зорлық-зомбылыққа жеткізетін озбыр 
билік. Ал мемлекеттің рөлі үлкен: қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулай 
және тәрбиелей отырып, сондай-ақ тәртіп пен адамдардың бейбіт 
өмірін қамтамасыз етіп, мемлекет адамдардың өмірін, олардың әдет-
ғұрыптарын жақсартады.
Бірақ мемлекет адамдардың барлық рухани тілектерін қанағат-
тандыруға қауқарсыз. Сол себепті адамды шексіз сүйетін Құдай оған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет