ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет166/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

иоганн кеплердің
атымен, бәрінен бұрын, 
ол математикалық жолмен дәлелдеген планеталар қозғалысының 
заңдылықтары туралы теория байланыстырылады. Ол гелиоцентризм 
теориясын қабылдаған Коперниктен кейінгі алғашқы ірі астроном 
болды. Кеплер пікіріне сәйкес, планеталардың қозғалысы үш заңға 
бағынады:
а) планеталар дөңгелек шеңбер жолмен емес, эллипстік жолмен 
қозғалады;
ә) планеталардың жылдамдығы біртекті емес, бірақ айналатын 
жолдарындағы әртүрлі нүктелерде олар өзгеріп отырады; тең уақыт 
ішіндегі сипатталатын радиус-векторлары бірдей;
б) планеталардың салыстырмалы жылдамдықтарын математикалық 
тұрғыда белгілеуге болады: планеталардың айналысы кезеңдерінің 
квадраттары олардың Күннен қашықтығы кубтарына тең.
Кеплер Күннің бар Ғарышты тесіп өтетін өзінің күшінің қайнар көзі 
болып табылатынына сенімді болды.
Кеплер мұрасын зерттеушілердің бірі, американдық профессор 
Марк Райли өте әділеттілікпен атап көрсеткендей, Иоганн Кеплердің 
бар шығармашылығы – ол ғылымның маңызын құрайтын орасан 
көп бақылаулардың ішінен жалпы ережелер шығарудың үлгісі. Оның 
антика астрономиясынан, яғни әлемнің птолемейлік бейнесінен қол 
үзуіне астрономиялық мағлұматтарға дене қағидаларын қолдануға 
әрекеттенуі себеп болды. Алдыға оза отырып, Кеплердің еңбектерін: 
«Кеплердің күн эманациялары туралы идеяларын және оның үш заңын 
әлемдік тартылыс теориясына енгізіп, сол арқылы оның көрегендігін 
астродинамика қағидасына айналдырған» Исаак Ньютонның аяқтап 
шыққанын айтқан жөн (қараңыз: Великие мыслители Запада. – М., 
1998. – 260-266-беттер).
Кеплермен қатар, Н.Кузанский мен Н.Коперниктің идеяларын 
дамытқан және тереңдеткен ғалым, Қайта өрлеу дәуірінің батыр азап 
шегушісі, әлемдік ғылымда азғантайлардың бірі болып көзқарастары 
үшін өмірін қиған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет