Сабақтың мақсаты: а білімдік: Алтын Орда Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі екенін түсіндіру



Дата25.08.2017
өлшемі57,62 Kb.
#26507
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі екенін түсіндіру.

Алтын Орданың құрылу тарихы, жүргізген ішкі-сыртқы саясаты, қоғамдық құрылысы және оның әлсіреуі туралы толық мағлұмат беру. Орта ғасырлардағыАлтын Орда мемлекетінің тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстыру.



ә) дамытушылық: Оқушыларды тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру.

б) тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанына деген патриоттық сезімде тәрбиелеу. Тарих пәніне деген қызығушылығын арттырып, оқушылардың белсенділігін көтеріп, өз бетінше сараптама жасауға, өз ойын дұрыс қорытындылап, жеткізе білуге тәрбилеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс, картамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілік: интерактивті тақта, карта, электрондық оқулық.

Терминдер: білікшілер, мәлік, даругалар, беклер бек, басқақтар.



Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

§ 22. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.



Үй тапсырмасын қортындылайтын зымыран сұрақтар:

1. Отырар қаласы монғолдарға қарсы қанша ай қарсыласқан? (алты ай)

2. Жошы Шыңғысханның нешінші баласы? (үлкен баласы)

3. Сыр бойы қалалары монғолдар иелегіне толығымен қай жылдар көшті? (1219-1220 жылдар)

4.Шыңғысхан монғол империясының ханы болып қашан сайланды? (1206жылы)

5. Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасақ қалай аталды? (Кешіктен)

6. Монғол өкіметінің жоғарғы органы қалай аталды? (құрылтай)

7. Мемлекеттің басты заңы қалай аталды? (жасақ(яса))

8.Шыңғысханның бала кезіндегі аты қандай еді?(Темүжін)

9. Төле қай жерлерге билік жүргізді? (Монғолия жерін)

10.Монғолдардың әскери әкімшіліктерін ата (үш әкімшілік–Оң қанат(Барунгар), Сол қанат (Жоңғар) және Орталық (Кул)

III. Жаңа сабақ.

§ 23. Алтын Орда. (ХІІІ ғасырдың ортасы – ХV ғасырдың ортасы)

1.Алтын Орданың құрылуы

2.Алтын Орданың күшеюі

3.Алтын Орданың әлсіруі

4.Алтын Орданың қоғамдық құрылысы

Мұғалім:

Оқушылар бүгін біздер мемлекетімен танысамыз. Ал енді оқулықты ашып маған Алтын орда мемлекеті қай жерде құрылғанын айтып жіберіңдер? (оқушылар мәтінді қарап, оның Жошы ұлысының орнында құрылғанын айтады)

Дұрыс айтасыңдар балалар, Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекттердің бірі. Жошы ханның баласы Батый (Бату) ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оның орталығы алдымен Еділ бойындағы Сарай-Батуда болса, кейін Сарай-Беркеге көшірілген. Алғашында Алтын Орда мемлекеті деген ұғым болмаған. Орыс деректерінде бұл атау тек ХVI ғасырдың аяғында пайда болған. Ал енді осы жерде мына бір кішкентай мағлұматты тыңдап жіберейік. (бірінші оқушы Алтын Орда туралы айтып береді)

Жазба деректерде басқа да түсініктер бар. Ол қандай түсінік кім айтып жібереді? (екінші оқушы қысқаша түсінігін айтады)

Балалар Батый хан – Алтын Орданы құрушы монғол ханы, 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген. Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандағы айтылады. Ал енді, мәтінді ашып Батый ханның әділдігі туралы айтылған сипаттаманы табайық. (1 балаға оқытып жіберу)

Ал енді балалар орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттырып, қалақық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгені айтылады.

Түсіндіру барысында интерактивті тақтаға әр хан туралы жазып көрсетуге болады.

Алтын Орданың билеушілері Негізгі оқиғалар

Батый хан

(12227-12555ж.) Батысқа жорық жасап (1236-1242), көптеген елдерді жаулап алды. Алтын Орда шекарасы батысқа қарай кеңейіп, күшейе түсті. Солтүстік Кавказ, Қырым бойы, Орыс кінәздіктері, Шығыс Еуропа елдері Алтын Ордаға алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болған.



Берке хан

(1256-1266ж.) Монғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкіл монғолдық құрылтайға қатысудан бас тартты. Саяси және экономикалық жағынан дамып, Египет сұлтаны Бейбарыспен байланыс күшейе түсті. Мұсылман дінін қабылдады. Исламды мұсылман елдерімен қарым-қатынасты күшейту масатында қолданды.



Мөңке-Темір

(1266-1280ж.) 1271 жылы Алтын Орданың Египетпен байланысына кедергі келтіруге тырысқан Византияға жорық ұйымдастырып, бейбіт келісімге келген. Сауда қатынасы жақсарған.



Тохты хан

(1290-1312ж.) Иран, Кавказ елдерімен сауда қатынасы дамыды. Египет мәмлүктерімен тығыз қарым-қатынаста толған.



Өзбек хан

(1312-1342ж.) Қалалық өмірдің дамуына көп көңіл бөлген. Бұл кезеңде мұсылман діні мемлекеттік дін деп жарияланған.



Жәнібек хан

(1342-1357ж.) Ғимараттар, мешіттер, медреселер салынып, сауда дамыды.

1357-1380 жылдары жиырмадан астам адам хан болып, тақ үшін таласта бірін-бірі өлтірген. 1380 ж. Алтын Орданың Мамай қолбасшылық еткен әскерді Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі. Алтын Орда мүлде әлсірейді.

Тоқтамыс хан Әмір Темір көмегімен Алтын Орда тағына отырған Тоқтамыс 1382 жылы Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеп жібереді. Мауараннахр мен Кавказ елдеріне бірнеше рет жорық жасайды.

Мысалы: Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлес қосқан Тохты хан (1290-1342) болды. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырып, египет мәмлүктерімен тығыз қарым-қатынаста болған.

Алтын Орданың қоғамдық құрылысын әңгімелегенде дәптерге терминдер жаздыру.

Білікшілер – Хатшылар (жазу істерін, іс-қағаздарды жүргізеді)

Әмір – Ұлыстың аумақтық бөліктерін билеушілер

Ноян – тайпа көсемі (мыңдықтар бағынған)

Беклербек – әскери істерді басқарушы (нояндар бағынған)

Уәзір – азаматтық билікті жүргізеді

Мәлік – жергілікті жерлердегі әкімдер (түрік әулеттерінен шыққан)

Даруғалар – салық жинаушылар

Басқақтар – басқару, бақылау жұмыстарымен айналысқан

Алтын Ордадағы діннің дамуы туралы айту.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Батый хан Берке хан Меңгу-Темір Тохты хан Өзбек хан Жәнібек хан Тоқтамыс хан

3,8 4,9 5,12 2 7 1,11 6,10

1. Сарай-Беркеде жаңа ғимараттар мен мешіт салдырып, қаланы көркейткен – ...

2. Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырған – ...

3. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген – ...

4. Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланысты күшейткен – ...

5. 1266-1280 жылдары хан тағына отырған – ...

6. 1382 жылы Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеген – ...

7. Қалалық өмірдің дамуына көп көңіл бөлген, мұсылман дінін мемлекеттік дін деп жариялаған – ...

8. Солтүстік Кавказ, Қырым бойы, Орыс кінәздіктері, Шығыс Еуропа елдерін Алтын Ордаға мемлекетіне тәуелді еткен – ...

9. Бүкілмонғолдық құрылтайға қатысудан бас тартқан – ...

10. Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орда тағына отырған – ...

11. 1342-1357 жылы хан тағына отырған – ...

12. Египетпен байланысына кедергі жасауға тырысып отырған, екі елдің арасындағы Византияға қарсы 1271 жылы жорыққа шыққан – ...



VI. Жаңа сабақты қорытындылау.

Сонымен, ХІІІ-ХIV ғасырларда күшті мемлекет болып тұрды. Оның мемлекет ретінде беделі өсіп көрші елдермен қарым-қатынас нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезеңдерде Алтын Орданың қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттнрде қол-өнер ғылым салалары өсті. Оған Түркі текті халықтардың мәдениеті, Әл-Фараби, Әбу-әли ибн-Сина, Фирдауси, Низами, Ахмет Йассауи, т.б. ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану олардың ілгері дамуына оң әсерін тигізді.



VIІ. Үйге тапсырма беру.

Алтын Орда мемлекеті туралы оқып келу. Батый хан туралы қосымша деректер жинап келу.



VIIІ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет