119
сол уақытта индульгенция өтімді тауарға айналып та үлгірген еді. Бұл
жолы да жиналған ақша Римдегі Петр соборының құрылысына жұмсау
мақсатында сатылып жатқан-ды.
Лютер Рим католик шіркеуінің бұл құтқарылу ісіндегі делдалдық
рөлін сынға алды және құтқарылу үшін адамның Жаратушыға де-
ген жалғыз сенімін жеткіліксіз деп санады. Құдайға діни ұйым ғана
емес, әрбір сенуші адам қызмет етуге тиіс.
Протестантизм адамның
салт-жораларды ғана емес, өзінің барлық міндеттерін адал орында-
уы маңызды екеніне үйретті, сондықтан жеті міндеттің ішінен ол
шоқынуды және дұға айтуды қалдырды. Дұға айтылатын үй-жайлардан
барлық икондар шығарылды.
Ресми Римнен түбегейлі қол үзу 1521 жылы орын алды.
Солай
қол үзу оның досы Ф.Меланхтон жасаған және жүйелеген
«Аугсбург
ғибадаттары»
деп аталатын құжат түрінде рәсімделді.
Бастамасынан-ақ реформаторлық қозғалыс әлеуметтік тұрғыда
біртекті бола алмады, өйткені неміс қоғамының әртүрлі топтарының
мүдделері де тым әртүрлі еді. Сол себепті онда екі:
Лютердің өзі
басқарған қалыпты (бюргерлік-князьдік) және Германиядағы 1524-
11526 жылдардағы Шаруалар көтерілісі көсемдерінің бірі, өзі
ұйымдастырған жасақ жеңіліске ұшыраған соң жазаға тартылған То-
мас Мюнцер (1490-1525) басшылық еткен радикалдық ағым (шаруалар
мен плебейлер – төменгі тап өкілдері) пайда болды.
Лютердің реформаторлық идеялары Швейцариядан да өзінің тым
батыл ізбасарларын тапты, олар – Ульрих Цвингли (1484-1531) мен Жан
Кальвин (1509-1564) еді.
У.Цвинглидің тағдыры аянышты болды: ол протестанттардың
әскеріне діни қызметші ретінде ілесіп жүріп,
католиктермен ұрыста
қаза тапты.
Кальвин өз ілімін құруға қол жеткізіп, оны «Христиан сеніміндегі
өсиеттер» деген еңбегінде баян етті, аталған еңбектің түпкілікті
нұсқасы 1559 жылы басылып шықты. Кальвинизмде реформацияның
буржуазиялық мәні жүйелі түрде көрсетілген. Ол діни басшылық инс-
титутын құлатып, консисториялар (пастор, диакон және діндарлар
сайлайтын ақсақалдар) басқаратын әрбір жеке діни қауымның (конгре-
гация) толық тәуелсіздігін орнатты.
Кальвин бойынша, әрбір діндар
адамның өмірін Құдай әуел бастан-ақ белгілеп қояды, сондықтан
ол фортунаға (сәттілік, кездейсоқ бақ қону)
қарсы шығып, фатум
(тағдыр, жазмыш) ұғымын жоғары қояды. Бірақ бұл ойшылдың бас-
ты еңбегі – капиталдың бастапқы жинақталуы дәуірінде үлкен рөл