протестанттық деп аталатын
этиканы жасағаны болды.
Оған қоса, ол Библияның
«шақырылғандар көп, ал таңдаулылар аз» деген белгілі қағидасын пайдаланады. Жаңаша түсіндірменің мәні
мынада: «Құдайдың кімді таңдағанын ешкім білмейді», сондықтан
әркімнің жүрегінде: «Құдай мені таңдады» деген үміт оты сөнбеуі
керек. Егер адамның шаруашылық істерде жолы болса, егер «ақшаға
ақша қосылып» жатса, онда бұл – Құдайдың рақымшылығының
белгісі.
Оған жауап ретінде адам да игілікті істер атқаруға тиіс,
яғни жаңа
жұмыс орындарын ашуы, мұқтаждарға жәрдемдесуі, тұрмыста қарапайым болуы, өзін айналасындағылардан жоғары қоймауы керек. Сөз жоқ, бұндай этиканың еуропалық капитализмнің
қалыптасуында, оның «адамдық бет-бейнесін» сақтауында үлкен рөл
атқарғаны күмән тудырмаса керек.
Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі қазақстандық қоғамды жаңарту
үдерісінде, өкінішке қарай, біз ондай этиканы жасай алмадық. Тарих
та бізге ол үшін уақыт бермеді. Сондықтан жаңартудың алғашқы жыл-
дары қоғамды халықтың рухани тәжірибесімен үйлеспейтін, шектен
шыққан дарашылдық (индивидуализм) оты шарпыды. Қазір жағдай
біршама жақсарып келеді. Бірақ әлі күнге дейін қоғам халықтың бай
рухани-адамгершілік тәжірибелеріне негізделген кәсіпкерлік этикасын
қалыстастыруға тиісті назар аудармай келеді.
Англиядағы реформаторлық қозғалыс англикан шіркеуін –
протестантизмнің аса бір радикалдық емес жаңа түрін құрудың баста-
масы болды. Бұл қозғалысты король Генрих XIII (1491-1547) басқарды.
Ал 1554 жылы ағылшын парламенті Англия шіркеуін Римге тәуелсіз
етіп жариялады. Сол уақыттан бастап және күні бүгінге дейін англи-
кан шіркеуін не король, не королева басқарады, ал олар Кентербер
және Йорк архиепископтарын тағайындайды. Англикан шіркеуінің
орталығы – Кентербер епархиясы.
Кальвиннің Франциядағы ізбасарлары атақты гугеноттар, ал
Англия мен Шотландияда пресвитериандар болды. Протестан-
тизм ортағасырлық схоластиканың бұғауларын түпкілікті үзе оты-
рып және ғылыми ойдың шығармашылық ізденістің азат жолына
шығуына мүмкіндік туғызып, ғылымның өркендеуінде орасан жасам-
паз рөл атқарып қана қоймай, сонымен қатар феодалдық Еуропаның
әлеуметтік-экономикалық тұрмыс салтын да түбегейлі өзгертті.
Жаңа дәуір басталды.