материализмі механистік түрге айналады.
Әлбетте,
діннің ол кезде де қоғамдық санаға ықпалы бар бола-
тын. Бірақ жаратылыстанудың қуатты дамуының, философияның
жыл өткен сайын күшейе түскен материалистік бағытының әсерімен
қоғамда діни фанатизм азайып, «ар-ождан азаттығы» біртіндеп
өмірге ене бастайды. Ал философияда бұрынғыша «сенім шындығы
мен «ақыл-парасат шындығы» бір-бірінен ажырап және сол уақытта
Құдайды осы Әлемнің Жаратушысы ретінде танитын, ары қарай
өзінің меншікті заңдары негізінде әрекет ететін философиялық ағым –
деизм (лат. deus – Құдай) күш ала береді. Құдай енді Өзі құрған Әлемге
араласпайды. Дүниеге деген дәл осындай көзқарас жаратылыстанудың
ары қарай өркендеуіне себеп болды.
Ал енді сол заманның