122
эмпиризм ғылымдарды тәжірибелер
арқылы дамытуды құптаса, ал
рационализм,
керісінше, барлығын да ақыл-ой сүзгісінен
өткізуді та-
лап етеді. Алайда екі бағыттың екеуі де оптимизмге, яғни Табиғаттың
ең бір құпия сырларын танып білу мүмкіндігіне деген сенімге толы.
Ортағасырлық схоластика қатты сынға ұшырайды: «Ешқандай бедел-
абыройға қарау деген болмауы керек!», «Бұрынғы
дәуірлердің ұлы
адамдарының көзқарастары ғылымға ықпал
етуге және шекараларын
шектеуге тиіс емес!». Толықтай еркін ойлау жағдайында ғана ғалымдар
өз идеяларын дамытып, таңдаған ғылымдарының тақырып аясын зерт-
тей алады. Тағы бір нәрсені ерекше атап өткен жөн. Егер Ортағасыр за-
манында адам ақылының күш-қайраты Құдайдың бар екенін негіздеуге
және оның жаратуының ұлылығын, құдіретін дәлелдеуге бағытталса,
енді Қайта өрлеу заманында және әсіресе
Жаңа дәуірде ғылым мен
оның құралы – ақыл – әлемнің жасампаздығы мен түрленуінің негізгі
элементтері және құралдары ретінде қарастырылатын болды.
Сол уақытта ғылым табиғаттың терең құпияларын аша отырып, сол
арқылы Құдайдың Өзінің тудырғыш қуатын көрсетеді, демек, ғылым
Құдайға қарсы тұрмайды деген ой кең тараған-ды.
Жаңа дәуірдің философияның дамуына
ықпал еткен кейбір аса
маңызды ерекшеліктері осындай.
Достарыңызбен бөлісу: