саясатты моральдан ажыратып,
оның қоғамды қайта құрудағы орасан зор маңызын көрсетеді. Егер
мораль нақты жағдайға қатыссыз, қоғам қандай болуға тиіс дегеннен
келіп шығатын болса, онда саясат –
бар
нәрсеге, айқын нақтылыққа,
«нәрселердің ащы шындығына»
сүйенеді. Саясат – бәрінен бұрын
билікті алу және оны ұстап қалу үшін күрес. Саясат – ол қоғамның
тұтастығын сақтау үшін, әртүрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін
келістіруі. Саясаткер мүмкіндігінше ізгіліктен ажырамауға, бірақ
қажет болса, жамандықтан да шошымауға тиіс. Бірақ, дегенмен сая-
сатты мораль шектерінде ұстап тұру мүмкін емес. Қашанда өзінің іс-
әрекеттерінде мораль талаптарына сүйенетін саясаткер, ақырында, өз
қабірін өзі қазған болып шығады.
Н.Макиавеллидің саясат жайындағы жоғарыда келтірілген ой-
пікірлері кейіннен философия, саясаттану тарихында
Достарыңызбен бөлісу: |