ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


саясат бірте-бірте дін  ықпалынан шығып,  дербес



Pdf көрінісі
бет178/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы
123, Вакцина жасау эссе Абидинов Жаннур 235-Б, pr excel 1, Задачи на измерение количества информации, СБОРНИК ТЕСТОВ АНГЛИЙКИЙ ЯЗЫК АҒЫЛШЫН ТІЛІ, Algoritmy-i-struktury-dannykh, 900 тест воп
саясат
бірте-бірте дін 
ықпалынан шығып, 
дербес
әлеуметтік құбылысқа айналады.
Саяси ғылымның міндетін Макиавелли жағдайдың шынайы жай-
күйін түсіндіруден көреді. Құдайдың барлығын алдын ала белгілеп 
қоятыны туралы ортағасырлық тұжырымдаманы ол объективті та-
рихи қажеттілік – тағдырмен алмастырды. Бірақ тағдыр – бәрін ба-
сып-жаншитын алапат күш емес, ол адамның азат ерік-жігеріне орын 
қалдырады, адамдарды саясатқа белсенді, жасампаз ой-пікірлерімен 
қатысуға бағыттайды.
Макиавелли Жаңа заманның саяси ғылымының негізгі термин-
дерінің бірі – 
Stato
(мемлекет), ағылшынша – 
State
, ал французша – 
Etat
деген терминді енгізді. Мемлекет қоғамның саяси ахуалын: билік 
ұстағандар мен соларға тәуелділердің қарым-қатынасы, тиісті дәрежеде 
құрылған, ұйымдастырылған саяси биліктің, сондай-ақ заңдардың 
болуын білдіреді. Оның үстіне, бұл қозғалмайтын, қатып қалған 
құрылым емес, күресуші күштердің арасалмағына тәуелді, өзгермелі 
ахуал болып отыр.
Макиавеллиге дейін барлық саясаткер-теоретиктер үшін басты 
мәселе – мемлекеттің мақсаты болды. Билік тек әділеттілікке, әл-
ауқатқа, азаттыққа немесе Құдайға қол жеткізу құралы деп ұғынылды. 
Ал Макиавелли мақсатты биліктің өзі деп сендіреді де, мақсатқа 
жету құралдарын: билікті қалай алуды, ұстап қалуды және таратуды 
ғана талқылайды. Ол билікті моральдан, діннен және философиядан 
бөліп, мемлекетті басқа бастауларға тәуелсіз, құндылықтардың дер-
бес жүйесі ретінде қарайды. Макиавелли еш жерде моральсыздықты 


117
дәріптемейді, ол жалпыадамзаттық құндылықтарды жоққа шығар-
майды. Оның пікірінше, билік пен моральдың жай қағидалары бір-
бірімен қиыспайды. Мемлекет қайраткерінің мұқтаждықтары мораль-
дан жоғары тұр.
Мемлекет туралы макиавеллилік ой-пікірлердің сипатты үлгілерін 
оның «Тақсыр» атты кең танымал еңбегінен көреміз: «... Адамдардың 
көзіне жаны ашығыш, ізгілікті болып көрініп қана қоймай, іс жүзінде 
де сондай болу керек, бірақ іштей, егер қажет болса, қарама-қарсы 
қасиеттеріңді де көрсетуге дайын болған жөн»; «...Құзырындағылар 
үшін лайықсыз істерді тақсырлар басқаларға жүктеуге, ал лайықты 
істерді өздері орындауға тиіс» және т.б.
Демек, Н.Макиавелли алғаш рет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет