ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 спиноза және оның түпнегіз туралы ілімі



Pdf көрінісі
бет204/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

4.4. спиноза және оның түпнегіз туралы ілімі.
жете ұғынылған қажеттілік іспетті азаттық
бенедикт (барух) спиноза
(1632-1677) – «ұлы философтардың 
ішіндегі ең бір ізгілікті және тартымды адам. Парасат жағынан 
кейбіреулері одан артық та болған шығар, бірақ ол адамгершілік 
тұрғысынан бәрінен жоғары тұр. Бұның табиғи салдары – өмір бойы 
және қайтыс болғаннан кейін де бір ғасыр оның жан шошытатын-
дай өнегесіз адам саналғаны». Бұл сөздерді айтқан екінші бір ұлы 
философ – Бертран Рассел (Рассел Б. История западной философии. – 
Новосибирск: НГУ, 1997. – 529-бет).
Бұл адамның адамгершілік қасиеттері неге соншалықты төмен 
бағаланған?
Ол еврей отбасында дүниеге келген және иудей оқымыстылығының 
білгірі саналғанмен, діндар иудей болу мүмкіндігін ойламаған. Сол 
үшін оны еврейлер шіркеуден қуып, тіпті өлтірмек те болған. Бірақ оны 
христиандар да бірдей жек көретін. Спиноза философиясында Құдай 
идеясы үстем болғанмен, шіркеушілер оған атеист деп кінә артқан.
Оған Декарт философиясының әсері күшті болды. Сол себепті ол өз 
білімін жаратылыстану ғылымдары мен математика саласында көбірек 
кеңейтуге күш салады. Спиноза философиясын сипаттай келе, Гегель: 
«Ол Декарт философиясын дара шындық түрінде нақтылайды», – деп 
кездейсоқ айтпаса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет