133
мен бірге ол дінді қарапайым халық үшін, әсіресе оның рухани жетілуі
үшін қажет деп санады.
Өзінің
онтологиялық
пікірлерінде Гоббс Әлемді нақты өмірде бар
заттардың бәрінің жиынтығы деп есептейді. Олардан басқа ештеңе
де жоқ. Нақты зат – ол субстанция (түпнегіз). Ұзындық және форма –
заттардың негізгі қасиеттері (акциденция).
Зат жоқ жерде кеңістік те
жоқ. Уақыт – ол да нақты қозғалатын денелердің өлшемі ғана.
Ол әлемнің тек материалдық және қозғаушы себептерін мойындаған.
Әлемдегі денелердің шексіз санының қозғалысы қайдан шығып жа-
тыр?
Бұл сұраққа жауап бергенде, ол Құдайды заттардың бастапқы
қозғаушысы деп таниды. Ары қарай дүние
өзінің заңдылықтары
негізінде дами береді.
Достарыңызбен бөлісу: