134
мүдделерін қозғаған болса, онда олар
әлдеқашан-ақ отқа өртелер
еді». Бұл данышпандық сөздер Т.Гоббсқа тиесілі. Сол себепті мораль
құндылықтарының негізінде де мүдделерден шығатын пайда жатыр.
«Қайырымдылық пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық деген не?».
Бұл сұраққа Т.Гоббс пайда (лат. – utilitas – пайда) тұрғысынан жауап
береді. Бізге ұнайтыны да, пайдалысы да –
ізгілік пен жақсылық, ал
зұлымдық пен жамандық, әлбетте, керісінше.
Адам еркіндігін қарастыра келе, Т.Гоббс оны жалпыға бірдей
деңгейге шығарады. Табиғаттың барлық денелері еркіндікке ұмтылады.
Мысалы, егер ыдыс сынса, ондағы су еркіндік алады. Адам еркіндігін
айтар болсақ,
бір жағынан, адам еркін, бірақ, екінші жағынан,
қоғам
қажеттілігімен санаспай тұра алмайды, өйткені өзі сияқты мыңдаған
адаммен өзара қарым-қатынаста болады.
Өзеннің ағысы еркін, бірақ,
сонымен бірге өз арнасынан аса алмайды. Адам да дәл сондай.
Достарыңызбен бөлісу: