әлемдік тарихтың маңызы туралы алғаш ойлан-
ғандардың бірі. Бұл жерде ол: «Әлемді пікірлер билейді», яғни
билеушілердің ойы, идеялары әлемдік тарихтың беталысын айқын-
дайды дейтін ұстанымды берік ұстанады. Алайда мәні «пікірді
халықтың
басым көпшілігі қолдауға тиіс» деген қағида болып
табылатын маңызды қосымша енгізеді. Барлық бақытсыздықтар,
күйзелістер, озбырлық көпжылдық әлемдік тарихта билік басын-
да болғандардың арсыз саясатымен түсіндіріледі. Бұл жерде оның
көзқарасы дұрыс, бірақ ішінара ғана.
Вольтер – оптимист. Ол өзінің ағарған заманына үмітпен қарайды.
Ғылымның дамуы, өнердің жетілуі, ақылға негізделген философиялық
идеялар бұқара халықтың санасын өзгерте отырып, оның ортасына кең
және терең ене бастаған. Бұл оның жүрегінде жамандықтың тамыры-
на балта шауып, адамдардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасайтын
«білімдар дана билеушілер» пайда болады деген үміт отын жағады.
Тарих – ұлы ұстаз. Ғасырдан-ғасырға Вольтер де ұлы болып
қалып отыр. Француздардың Құрылтай жиналысының шешімі бо-
йынша Вольтердің өртелген сүйегінің күлі 1791 жылы Францияның
ұлы адамдарының Парижде құрылған Пантеонына қойылғаны
кездейсоқтық емес.
Француз ағартушыларының ішіндегі аса көрнекті тұлғалардың
бірі – философ, өнер теоретигі, жазушы, саяси қайраткер