ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет252/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

мемлекеттік биліктің бөлінуі
идеясы. Оның ой желісі 
мынадай: егер барлық билік бір қолға шоғырланса, онда ол сөзсіз 
кезекті озбырлықтың орнығуына, адамдардың құқықтарының тапта-
луына жеткізеді. Сол себепті мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінуге 
тиіс:
а) заңнамалық;
ә) атқарушы;
б) сот билігі.
Монтескьё негіздеген биліктерді ажырату ұстанымын американдық 
конституцияны құраушылар (1787) пайдаланған. «Заңдардың рухы» 
дегенге келсек, олардың әртүрлі елдердегі ерекшеліктерін ол табиғат 
факторларымен байланыстырады. Олар: жердің құнарлылығы, климат, 
ландшафт, халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, діни наным-
сенімдері, халықтың саны және оның материалдық хал-ахуалының 
деңгейі, заң шығарушылардың мақсаттары және саяси биліктің 
ерекшеліктері және т.б.
Мысалы, ыстық ауа райы адамды әлсіретеді және оны енжар етеді, 
ал ол кезде суық ауа райы адамның тәнін де, рухын да шынықтырады, 
нәтижесінде, еңбек өнімділігі артып, ұлы істер жүзеге асады. Сол 
себепті ыстық елдерде өмір сүретін адамдар құлдыққа жетсе, ал 
климаты суық елдерде азаттықтарын сақтап қалды. Әлбетте, қазіргі 
заманның адамы ойшылдың осындай көзқарастарына кекесінмен 
қарауы мүмкін. Алайда, біздің ойымызша, қоғам дамуының ерте 
кезеңдерінде көп нәрсе осындай факторларға байланысты болған.
Қазіргі заман қазақтарының ата-бабалары мыңжылдықтар бойы 
көшпелі өмір салтын ұстап келді, ал бұл Сарыарқа табиғатының 
ерекшеліктеріне байланысты болды. Бірақ Жаңа заман туып, маши-
на техникасы пайда болғанда, көшпенділік мүмкіндіктері сарқылды, 
ал біздің ата-бабаларымыз өмірдің жаңа құндылықтарын қабылдауға 
мәжбүр болды.
Ш.Монтескьёнің пікірінше, көп нәрсе мемлекеттің көлеміне, жердің 
таулы немесе жазық болуына да байланысты болады. Мысалы, жерлері 
таулы болып келетін елдер көлемі жағынан үлкен бола алмайды. Ал 
кішкентай елде азаматтардың бірге жиналып, өзекті мәселелерді 


163
бірлесе шеше алатын мүмкіндіктері бар. Сондықтан оларға көбіне-көп 
республикалық басқару тән.
Көлемі орташа мемлекеттер көбінесе монархиялық билікті құп 
көреді.
Ал аумағы үлкен елдер, негізінен, озбыр болып келеді, өйткені күш 
көрсету және қорқыту арқылы алыс жатқан жерлерді орталық билікке 
бағындыруға болады.
Әлбетте, ойшылдың географиялық фактордың маңыздылығын асы-
ра бағалағаны анық. Алайда оның көзқарастары сол кездегі қоғамның 
күрделі мәселелерін түсіндірудің жаңа тәсілдеріне бастама болды.
Француз ағартушыларының аса көрнекті өкілі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет