хаттамалық сөйлемдер деп аталады. Көпшілік
жағдайларда оларда зерттелетін нысанға бақылау жасау барысында
алынған қорытындылар беріледі.
Келесі деңгей
ғылыми фактілерді жинауға және өңдеуге тығыз байланысты. Олар индуктивтік жолмен алынған хаттамалық
сөйлемдерді қорытындылау негізінде жасалады. Оларда зерттелетін
нысандардың жалпы қасиеттері мен сапалары және солардың негізінде
пайда болатын тәуелділік қатынастар анықталады.
Үшінші деңгейге
эмпириялық заңдарды (құрылымдық, статис-
тикалық, динамикалық, себеп-салдарлық және т.б.) ашу жатқызылады.
Мысалы, «Барлық металдар ток өткізеді», «Барлық планеталар Күнді
айналып жүреді» деген мысалдарды айтуға болады. Оларға да қорыту
арқылы жета аламыз және олар зерттеліп жатқан құбылыстардағы
әлдебір орнықты байланыстарды және қатынастарды білдіреді.
Эмпириялық танымда қорытындылаудың ең жоғарғы деңгейі
құбылыстық теорияларды құру болып табылады. Олар эмпириялық
заңдар мен бір-бірімен өзара ұштасып жатқан фактілерден тұрады (мы-
салы, Кеплердің «Аспан механикасы»).
Эмпириялық білімдердің көп жағдайда
ықтималдық сипаты бар,
өйткені зерттелетін құбылысқа жататын барлық фактілерді түгел
қамту мүмкін емес. Бірақ ол кезде ғылым зерттеудің эмпириялық
деңгейінсіз бола алмайды.
Кез келген зерттеу эмпириялық (тәжірибелік) сатыдан, яғни
ғылыми фактілер мен мағлұматтарды жинаудан басталады. Ол үшін
зерттелетін затты (нысанды) немесе құбылысты (феномен) бақылауға
алу қажет.