тәжірибеге ғана негізделген (эмпириялық)
және
теориялық деңгейі бар. Сөйтіп, ғылыми танымның
тәжірибеге негізделген деңгейі , бір қарағанда, сезімдік танымға теңдестірілген
болып көрінеді. Алайда бұл тіпті де олай емес, олардың арасында
айтарлықтай айырмашылықтар бар. Сезім органдары арқылы алынған
деректер қаншалықты толық және жан-жақты болса да, әлі де
ғылыми білім болып табылмайды. Тіпті ғылыми бақылаулар мен тәжірибелер
де, – егер олар
оймен өңдеуден өтпесе, – ғылыми білім бола алмайды.
Сезім органдары арқылы алынған деректер тек тәжірибеге негізделген
деңгейде оларды дерексіздендіру, талдау, салыстыру, жалқыдан
жалпыға шығу (индукция) және басқа шаралар арқылы ғана, шын
мәнінде, білімге айналады.
Тәжірибеге негізделген білімдер қашанда сезім органдары көмегімен алынған мағлұматтардың логикалық түсіндіру формасы болып табылады. Эмпириялық білімнің өзі көпдеңгейлі күрделі білім болып та-
былады (Ол туралы кеңірек оқыңыз: С.А.Лебедев. Философия на-
уки. – М.: Академический проект, 2006. – 137-147-беттер). Оның ең
төменгі деңгейіне сезім органдары арқылы алынған мағлұматтардың
303
көмегімен қандай да бір зат туралы қарапайым пікірлерді жатқызуға
болады. Кейде олар