304
ақыл-ес секілді құрылымдық бөлігі қызметінің жетістігі», – дегенді
дұрыс айтқан (С.А.Лебедев. Философия науки. – М.: Академический
проект, 2006. – 140-бет). Шындығында, пайым фактілерді салысты-
рады, есептеп шығарады және қорытындылайды. Пайым қызметінің
қарапайым түрлері «ақылды жануарлар» дейтіндерде де болғанмен,
алайда ақыл-еске тек адам ие. Ақыл-естің нәтижесінде біз терең
құрылымдарға ену мүмкіндігін аламыз, зерттелетін нысандардың
байланыстары мен қатынастарын анықтаймыз. Алайда «ақыл-естің
қызметі санадан тыс нәрсеге де, оның сыртқы болмыспен байланысы-
на да бағытталмай, сананың ішіндегіге, өзінің меншікті мазмұнының
ішкі ашылуына бағытталғанына» сендіруге тырысатын пікірмен
келісуге бола қояр ма екен (С.А.Лебедев. Философия науки. – 140-бет).
Бұндай жағдай батпақтан өзін шашынан тартып шығаратын барон
Мюнхгаузенді немесе әлемді жарату алдындағы Құдайдың ғажап жо-
басын (Ф.Аквинский), әлемдегі Дара идеяның ашылуын (Гегель) және
т.б. еске түсіреді. Бірақ тек бұл жағдайда Құдайдың орнына адамның
өзі үміткер болып тұр. Ал іс жүзінде мәселе теориялық білімнің да-
митын бастауларына тіреледі.
Экстерналистер
сыртқы факторларға
назар аударса, ал ол кезде
интерналистер
сананың ішкі құрылымдық
қуатына көңіл бөледі. Іс, шамасы, ақыл-есте оның әлдебір мистикалық
«өзінің меншікті мазмұнының ішкі (имманенттік) ашылуын» емес, ішкі
әлемнің өз мазмұнының ашылуын үнемі ескере отырып,
Достарыңызбен бөлісу: