ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет444/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

математика
мен 
логика
ерекше табысты болды. Өздерінің зерттеу 
нысандарын негіздеуде олар анықтамалар жасау арқылы назарларын 
ойдағы нысандарды құруға аудара отырып, тәжірибелік-индуктивтік 
бастаулардан бас тартты. Соның нәтижесінде XX ғасырда математи-
ка үлкен тамаша жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, осындай жолмен 
неевклидтік геометриялардың әртүрлі тұрпаттары құрылды. Қазіргі 
заманғы математикаға «дерексіз құрылымдар» немесе «мүмкін бо-
латын әлемдер» туралы ғылым деп анықтама берілген кезде, аталған 
жағдай ескеріледі.
Алайда бұл жерде: «Егер кейбір мақсат-мұратқа сай нысандар шығу 
тегі бойынша тәжірибелік болмаса, олардың шынайы екенін қалай 
анықтауға болады?» – деген «қитұрқы» сұрақ туады. Әдебиетте он-
дай тексерулердің сыртқы және ішкі белгілері көрсетіледі. Сыртқы 
факторларға таным теориясында дәстүрлі болған адамзат 
тәжірибесі
жатады. Егер ғылыми теорияны нақты өмірде қолдана отырып, біз 
белгілі бір оң нәтижелерге жетсек, бір немесе басқа пайда алсақ, 
онда ол – шынайы. Ішкі факторларға келсек, онда мұратты нысандар 
«теориялық әлемнің» ары қарайғы 
жетілуіне
, теориялық қағидалардың 
қисынды үйлесімділігіне келтірсе, ғылыми мәселелердің тиімді 
шешіміне жол ашық деп есептеуге болады. Нәтижесінде, зерттеудің 
жаңа идеялары, мақсаттары, бағдарламалары дүниеге келеді. Олай бол-
са, демек, олар – шынайы. Мысалы, «А.Больцманның анықтау арқылы 
әзірлеген «тамаша газ» ұғымы барлық термодинамикалық үдерістерді, 
«жабық жүйелердегі» энтропияның артуы үдерістерін түсінуге 
мүмкіндік туғызды.
Егер эмпириялық және теориялық жолдармен алынған білімдерді 
өзара салыстырсақ, онда төмендегіні байқауға болады. Эмпириялық 
білімдер 
«ерекше құбылыс әлемін»
зерттеу, яғни әлемнің 
үстіңгі 
бетінде 
болып жатқан үдерістерді зерттеу арқылы алынады. Теориялық 
білімдерді айтсақ, ол 
«ноуменалдық әлемге»
, яғни онда болып жататын 
маңызды өзара әрекеттерді аша отырып, әлемнің 
терең қабаттарында 
жатқандарды зерттеуге апаратын жолды тазартады.


306
Егер эмпириялық білімнің мазмұнын тәжірибелік жолмен алынған 
ақпарат құрайтын болса, онда теориялық білімнің мазмұнын құрайтын 
мұратты нысандар адам санасының күш-қуатын, шығармашылық-
жасампаз әлеуетін көрсетеді.
Аса маңызды бір көзқарасқа ерекше назар аударған жөн: пайда 
болған соң, теориялық әлем өзін туғызған санаға қатысты объективтік 
шындықтың нақ өзі сияқты объективті көзқарас ретінде әрекет етеді. 
Сол себепті де ғалым өзінің зерттеулерінде онымен санаса алмайды, 
өйткені ол – ары қарай зерттеудің сипатына ықпал ететін, жетілуге 
мүмкіндіктері бар шындық (болмыс).
Егер эмпириялық білімдегі әлдебір өзгерістерді бақылау және 
әртүрлі тәжірибелер жасау арқылы тексеруге болса, ал теориялық 
білімдегі өзгерістер қисынды жолмен және түйсік арқылы тексеріледі. 
Егер эмпириялық білімнің мазмұны жартылай адам санасына тәуелді 
болса, ал теориялық білімнің мазмұны адам рухының шығармашылық 
әлеуетін құрайды.
Сөйтіп, бұл жерде біз екі онтологияға тап болғандаймыз. 
Біріншісінде – қоршаған әлемнің: санаға тәуелсіз өмір сүретін, танымға 
бақылау және әртүрлі тәжірибелер жасау арқылы ашылатын заттары 
мен құбылыстары болса, ал екіншісінде адамның ақыл-есінің күш-
қуатының шеруі болып табылатын теориялық білім болмысы бар.
Алайда біздің пайымдауымызша, 
соңғыны даралауға болмайды.
Осы екі деңгейдің арақатынасы және өзара байланысы туралы мәселе 
бойынша әдебиетте, негізінен, екі көзқарас қалыптасқан. Біріншісі 
кез келген теориялық құрылымдардың бастауы болып табылатын 
ең объективті шындықтың басымдығын
растаса, екінші көзқарас 
теориялық білімді шындықтың эмпириялық танымынан қисынды 
түрде шығарудың мүмкін еместігін растаудан танбайды.
Біздің ойымызша, «немесе-немесенің» орнына бұл жерде 
«және» деген шылауды қою қажет. Бір жағынан, жаңа теориялық 
тұжырымдарды туғызып жатқан ғалымдардың шығармашылық 
қуатын, шығармашылық белсенділігін жете бағаламауға болмайды, 
екінші жағынан, әр ғалымның «өз заманының түлегі» екенін де естен 
шығармаған абзал. Ал бұл оның әлеуметтік-саяси, діни, моральдық 
құндылықтар және өзара қарым-қатынастармен жанаса отырып, толық 
көлемде өз заманының рухын сезінетінін, оның барлық ойлары мен 
шығармашылық ізденістері құрылымына әсер етпей қоймайтын осы 
және басқа факторлар түйінінде әрекет ететінін білдіреді.


307
Кез келген қарым-қатынастарда әйтеуір бір жағының басымдығы 
орын алады. Осы тұрғыдан алғанда, ішінде адамзат орын тепкен 
шындық-болмыстың өзінің басымдығын тану керек. Ақыр соңында, 
«Ұлы Мәртебелі Табиғат» адамды жаратқан соң, сол арқылы Өз-өзін 
танып білуге және сезінуге тырысады. Л.Фейербахтың бұл белгілі 
ойы бізді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет