105
Шындыққа
жету
мәселелерін айтар болсақ, онда, Кузанскийдің
ойынша, ол өзінің қарама-қайшылығы –
өтірікпен
бірге берілген.
Олар, күн мен түн сияқты, – жарық пен көлеңке. Әлемдердің ішіндегі
ең жоғарғы, жарыққа толы дүниеде де
көлеңке бар, ал толықтай
қараңғы, ең төменгі әлемде де жарықтың сәулелерін көруге болады.
Демек, адамның ең терең танымдары да қателіксіз емес. «Нағыз білгіш
те өзінің білмейтінін біледі», – деп тұжырымдайды ойшыл.
Айтылғандарды
қорытындылай келе, Н.Кузанскийдің диалектика-
лық ақылы Жаңа дәуірдің ғылымы мен философиясының қалыптасуы
мен өркендеуіне орасан зор ықпал еткенін
тағы бір рет ерекше атап
өткенді жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: