ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


«ақылды сенім тудырады, ал сенімді ақыл анықтайды»



Pdf көрінісі
бет161/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

«ақылды сенім тудырады, ал сенімді ақыл анықтайды». 
Ақыл-ойдың көмегімен ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз. 
Құдай, бір жағынан, барлығын 
барлық жерде 
қамтиды, ал, екінші 
жағынан, 
еш жерде ештеңе
де қамтымайды. Егер біз шардың кез кел-
ген жерінде бір нүкте белгілесек, ол соның ортасы болады. Сонымен 
бірге нүктенің кішкентайлығы соншалықты, тіпті оны жоқ деуге бола-
ды. 
Құдайдың математикалық белгісі (символы)
деген – осы.
Сөйтіп, Кузанскийдің пікірінше, Ғарыштың түпқазығы мен 
шеңбері – ол Құдай, сондықтан әлем шексіз емес. Алайда оны шекті 
деп те ойлауға болмайды, өйткені оның шегі жоқ. Нәтижесінде, Орта 
ғасырларда Жердің сондай деп саналғаны сияқты
әлемнің орнықты 
орталығының (түпқазығының) жоқтығы туралы идея
пайда болған. 
Кузанский астрономияда әлемнің геоорталық суретін жойған Копер-
ник революциясын осылай дайындаған.


105
Шындыққа
жету мәселелерін айтар болсақ, онда, Кузанскийдің 
ойынша, ол өзінің қарама-қайшылығы – 
өтірікпен
бірге берілген. 
Олар, күн мен түн сияқты, – жарық пен көлеңке. Әлемдердің ішіндегі 
ең жоғарғы, жарыққа толы дүниеде де көлеңке бар, ал толықтай 
қараңғы, ең төменгі әлемде де жарықтың сәулелерін көруге болады. 
Демек, адамның ең терең танымдары да қателіксіз емес. «Нағыз білгіш 
те өзінің білмейтінін біледі», – деп тұжырымдайды ойшыл.
Айтылғандарды қорытындылай келе, Н.Кузанскийдің диалектика-
лық ақылы Жаңа дәуірдің ғылымы мен философиясының қалыптасуы 
мен өркендеуіне орасан зор ықпал еткенін тағы бір рет ерекше атап 
өткенді жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет