112
табиғат шексіз және бұл оны танып білудің шексіз мүмкіндіктерін
ашады. Жаратылыстанушының осы ой-толғауларынан біз оның
ортағасырлық схоластиканың қағидалар жиынтығын қабылдамағанын
көреміз.
Галилей гелиоцентрлік (Күн – планеталар жүйесінің кіндігі дейтін)
жүйені қызу құптады. Ол Кеплермен хат-хабар алысып, оның ашқан
жаңалығын қолдады. Бірақ ол католик шіркеуінің жазалаушыларынан
қатты қысым көрді. Біздің білетініміздей, оған жазалаушылар алдымен
(1616 ж.) құпия жаза белгілеп, ал содан кейін, 1633 жылы енді жария
жазаға тартты. Нақ сол кезде ол өзінің теорияларынан бас тартып,
ешқашанда Жердің өз өсін және Күнді айналатынына сендірмеуге уәде
беруге тиіс болды. Бірақ бір аңыз бойынша сот залынан шыға салып,
Галилей: «Ал ол, қалай болғанда да, айналады!» – деген екен.
Өткен ғасырдың 80 жылдары француз тарихшысы П.Редондидің
«Галилей – күпір» деген еңбегі жарық көрді, онда Рим католик шіркеуі
жазалаушыларының мұрағаттарында табылған құжаттар негізінде ол
Галилейдің, шын мәнінде, Жердің айналу фактісін мойындағаны үшін
емес, материяның атомдық құрылысына деген көзқарасты қабылдағаны
үшін жазаланғанын сенімді уәждермен дәлелдейді. Қарапайым тілмен
айтқанда, Галилейді «аяп», жазалаушылар халық үшін «Коперник
күпірі» деген жорамалды ұсынған. Өмірінің соңына дейін Галилей
«шіркеу жазалаушыларының тұтқыны» саналып, Флоренцияға жақын
маңдағы вилласында өмір сүруге мәжбүр болған. Тек 1992 жылы Папа
Иоанн Павел II сот шешімін қате деп жариялап, ұлы ғалымды ақтап
шықты.
Ғылыми жетістіктер туралы әңгімені аяқтай келе,
Достарыңызбен бөлісу: