9-мамыр Ұлы Жеңіс күні



Дата13.01.2022
өлшемі22,57 Kb.
#111428
Байланысты:
9мамыр


9-мамыр Ұлы Жеңіс күні
Жүргізуші:

Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты түншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.


Құрметті қонақтар, ұстаздар ! 
Биылғы жылы 9-мамыр күні Ұлы Жеңіске 76 толады. Бұл күн ел басына күн туған кезде, елі, жері үшін жанын аямай, Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған бабаларымыздың күні. 

Біз бақытты ұрпақпыз. Себебі, біз де, біздің әкелеріміз де соғысты көрген жоқ. Ал бізге, бейбіт те бақытты өмір сыйлаған, кеудесін отқа төсеп,ерлікпен жеңіске жеткен батыр бабаларымыз. Олардың көпшілігі біздің арамызда жоқ. Бірақ, есімдері мен ерліктері біздің жадымызда. 
Жүргізуші: Олай болса ортаға бірінші отрядтағы ұландарымыз шақырамыз

(4-5 жастағы тәрбиеленушілер саппен шығады)


Отан үшін жанын қиған боздақтар, 
Рухың сенің от боп маздап жалындар! 

Ей, жас ұлан, ұмытпаңдар ерлік еткен ерлерді

Тағзым етіп, бас иіп гүл қойыңдар 

( саппен айналып барып мәңгілік алау жанына гүл шоқтарын қояды)


1. ҚР гимні орындалады.

Жүргізуші: Шағын концертімізді қабыл алыңыздар Ұл -қыздар тақпақтарын тыңдайық.(ұлдар-қыздар тақпақтарын айтады)

Айза :


Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк әпке ерлігі,

Ұмытылмас мәңгілік.


Санжар :

Отан – менің ата – анам,

Отан – досым, бауырым.

Отан – үлкен Астанам

Отан – туған ауылым.
Дархан :

Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоям алау-қабырға!

Еске алып атамды.

Үн қосамын дабырға.

Нурали:


Асқақ ән көңілді тербесін,

Тұтпасын күн қара пердесін,

Бақытпен көз ашқан балалар,

Бүлікшіл соғысты көрмесін.


Нұртас:

Енді соғыс болмасын,

Қабақты қайғы шалмасын.

Күрсінбесін аналар,

Күле берсін аналар.
Асылхан:

Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабағын шытпасын.

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын.
Үміт:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!
Ұлпан:

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды
А.Айсултан:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді қалама

Келді ауылға сән көрік.
Н.Айсултан:

Жеңіс келді әке боп,

Жеңіс келді, алақай!

Жетім қалған балаға

Тоя жейтін нан болып.
Ұлдана:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия аты-көңілде

Әпкеміз деп жүреді.
Інжу:

Отан деген атамекен.

Отан деген туған жер

Отан- ана, Отан үлкен

Қазақстан- туған ел!
Кәусар:

Асқақ ән көңілді тербесін,

Тұтпасын күн қара пердесін,

Бақытпен көз ашқан балалар,

Бүлікшіл соғысты көрмесін.

Аяла:


Отан бізге біреу-ақ

Ол біздің-Қазақстан!


Ән балалардың орындауында "Әрқашан күн сөнбесін" әнін айтып орындарына отырады.

Жүргізуші: Балалар, Бауыржан ағамыздай болмаса Мәншүк пен Алия апаларымыздай мерген бола аламыз ба? Оны білу үшін «Мерген» ойынын ойнайық.

Ойын: «Мерген» (балалар шарларды себетке дәлдеп лақтырады. )

Жүргізуші:

Соғыстың өрті жанбасын
Сәбилер жетім қалмасын! 
Есігіне әр үйдің, 
Бесігіне сәбидің, 
Мәңгілік бақыт орнасын. 
Болмасын соғыс, болмасын! 

Балалардың көрінісін тамашалайық.

Көрініс: «Соғыстан қайтқан солдаттар» көрініс ойнап болған балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Ал, енді біз балаларымыздың биін бірге тамашалайық.

Би: «Жеңіс биі» ортаға балалар вальс билейді.

Ал, енді балалар бүгінгі жеңіс күніне арналған шағын мерекелік сабағымызды Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтайық. (Ән қойылады).



Қош сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет