ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет218/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

монадалардың монадасы
болып табылатын 
Құдай
идеясына келіп тірелеміз.
Осы аталып өткен идеялардың негізінде Г.Лейбниц қоғамды 
біртіндеп жетілдіре беру идеясына келеді.
таным туралы ілім.
Г.Лейбниц – рационалист. Бірақ Декарттың 
«айқын және ақылға қонымды шындықтары» оның көңілінен 
шықпайды. Оның ойынша, бастапқы шындықтар қисынды «теңдестіру 
заңына» сәйкес келуге тиіс. Содан кейін ғана «қайшылықтар заңына» 
сүйене отырып, білімдерімізді тереңдете аламыз.
Әлбетте, ғылымда тәжірибелер нәтижесінде қол жеткен, бірақ 
ұмыт қалған білімдерді де пайдалануға тыйым жоқ. Бірақ кез кел-
ген тәжірибе – кездейсоқтықтың туындысы. Тәжірибе шындықтары 
қашанда жеткіліксіз. Бірақ оларды «жеткілікті негіздеме заңына» 
сүйене отырып негіздеуге болады ғой. Нәтижесінде, табиғаттың 
әлдебір заңдарына келуіміз мүмкін. Дегенмен, ойшылдың әділетті ойы 
бойынша, тәжірибе шындығының 
ықтималдық
сипаты басым.
Адам жанының қабілеттері сезіну (перцепция) арқылы заттарды 
қабылдауға келтіреді. Алайда рух біздің ішкі танымдық қабілеттерімізге 
талдау жасауға көмектеседі, бұл, нәтижесінде, 
сана-сезімге 
(аперцеп-
ция) жеткізеді. Сана-сезім арқылы болмыс, түпнегіз, қарапайым мен 
күрделі, тәнсіздік, ал, ақыр соңында, Құдай туралы ойлау қабілетіне 
келіп жетеміз. Бұл идеяның барлық кейінгі философиялардың даму-
ына үлкен ықпалы болғаны дау тудырмайды. Сол себепті, сөз жоқ, 
Г.Лейбниц XVII және XVIII ғасырлардың континенттік рационализмі 


141
арасындағы ұлы өтпелі тұлға болды. Оның идеялары Кант танымы 
теориясының қалыптасуына зор ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет