142
кез келген білімнің негізінде адам қолымен
жасалатын тәжірибе жа-
тыр. Тәжірибелер саналы және санадан тыс өтуі және адамның жанын-
да жинақталып жатуы мүмкін. Сондықтан да ол «туа біткен идеялар»
деп аталатындар туралы теорияны сынға алған. Мысалы, «Бүтін өзінің
бөлшектерінен үлкен» деген ереже адамдардың өмірлік тәжірибесінен
шыққан. Егер «теңдестіру» және «қайшылықтар» заңдарын алатын
болсақ, балаларымыз тіпті олардың бар екенін де білмейді. Сөйтіп,
егер адамның жанында ешқандай да
туа біткен идеялар жоқ болса,
онда ол –
таза тақта
(лат. – tabula rasa). Адам өзінің өмірлік тәжірибесі
барысында оны тәжірибе нәтижесінде жинақталған білімдерімен тол-
тырады. Бұл адамның сыртқы тәжірибесі (ағылшынша – sensation –
сезім). Ал сонда «адам жанының толқындары» деп аталатындарды,
оның
қиялдарын, идеяларын қайда жібереміз? Ойшыл оларды жоққа
шығармайды және ішкі тәжірибе (ағылшынша – reflection –
бейнелеп
көрсету) деп санайды.
Дж.Локк заттардың алғашқы және екінші реттік қасиеттерін ажыра-
тып көрсетеді. Алғашқылар – заттардың өздеріне жататын және олар-
дан ажырамайтындар. Мысалы, салмақ, пішін, өткіштік,
қаттылық
және т.б. Екінші реттік қасиеттер – олар өне бойы өзгеріп тұратын ды-
быстар, түстер, иістер. Біз оларды өзіміздің сезім-түйсіктеріміз арқылы
табамыз: қызыл, жасыл түстерді көреміз, қатты, ақырын шыққан ды-
быстарды естиміз. Бірақ олардың негізі, шамасы, заттардың бастапқы
қасиеттерінің әртүрлі қосылыстарында жатса керек.
Келесі – бұл жалпының мәселесі. Әлемде нақты, дара заттар бар.
Жалпы – ол заттардың ортақ
қасиеттерін дерексіздендіру, жалпылау
нәтижесінде пайда болып, халық тілінің сөздерінде бекиді.
«Тілдің жалпыазаматтық және философиялық жақтары бар. Адам-
дар тілдің көмегімен бір-бірлерімен әртүрлі қатынастарға түсіп жата-
ды, әлдебір жаңалықтарды бір-бірлеріне жеткізеді, сезімдерін білдіреді.
Бұл – тілдің азаматтық қызметі.
Ал егер тілдің философиялық
маңызы туралы айтар болсақ, онда
бұл жерде
Достарыңызбен бөлісу: