ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


тәрбеленушімен жүрек байланысын орнатып



Pdf көрінісі
бет232/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

тәрбеленушімен жүрек байланысын орнатып
құрметпен қарап, 
сонымен бірге талап қоя білетін әңгіме-сұхбаттарда болашақ маман 
тұлғасын қалыптастыра алатын оқытушының тәлімгер ретіндегі рөлін 
біз аяқасты еттік. Компьютердің жүрегі жоқ, тек қалыпқа келтірілген 
бағдарламасы ғана бар екені белгілі.
Паскальды адам мәселесі ерекше толғандыратын. Ол: «Адамның 
қадір-қасиеті мен ұлылығы оның ойында, сол оны Ғаламнан жоғары 
көтеріп, танымға оятады», – деп жазды. Адам шындықтың болмашы 
бір бөлшегін ғана біле қойсын, соның өзінде-ақ ұлылық бар, өйткені 
жануарлар мүлде ештеңе білмейді емес пе. Оның жоғарғы мақсаты да 
осында. Табиғатының жануарлар табиғатына ұқсап кеткеніне налиды, 
яғни бұрын оған тән болған биік табиғаттың құлағаны деп түсінеді. 
Бұл жерде, шамасы, сол уақытта орын алған бастапқы капиталдың 
жинақталуының теріс ықпалына налу көрініс берсе керек.
Паскальдың ғылымның өркендеуіне ғана емес, сонымен қатар 
барлық келесі философия мен мәдениетке де зор ықпалы бол-
ды. Л.Н.Толстой оны «адамзаттың оқытушыларына» жатқызып
«шындықты ғасырлардың басынан асырып көре білген философ-
пайғамдар» санады.
Параграфты ойшылдың атақты: «Адам – табиғаттағы ең бір 
әлсіз собық қана, бірақ ол собық ойлай алады. Ұлылығымыз біз 
есте сақтай алмайтын кеңістікте немесе уақытта емес, осы ойлай 
алатындығымызда», – деген қанатты сөзімен аяқтайық.
Сөйтіп, біз XVII ғасырдың ұлы философтары мен ғылым 
қайраткерлерінің шығармашылығын айтып өттік. Ал енді алдымызда 
XVIII ғасырдың жаңаеуропалық философиясы мен ғылымына саяхат 
жасау күтіп тұр.


150


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет