ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


«Ой өресі заттардың терең мәнін аша алмайды



Pdf көрінісі
бет358/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

«Ой өресі заттардың терең мәнін аша алмайды,
тек олардың арасын-
да пайда болатын байланыстар мен қатынастарды ғана көрсетеді», – 
деген пікіріне ерекше назар аударған жөн. Ой өресінің қызметі – жан-
сыз материяны құрамдас элементтерге ажыратып бөлу және оларды 
басқадай формада қайтадан жинастыру. Егер олай болса, онда ой өресі 
заттардың сыртқы қабығын ғана игереді екен ғой. Ол кинематографқа 
ұқсайды. Әр кадрда – заттың статикалық (орнықты) бейнесі. Алай-
да олар жүйелі түрде белгілі бір жылдамдықпен айналдырылса, 
қозғалатын заттың бейнесі жасалады. Сол сияқты, ақыл-ой да бізге 
бір-біріне ұқсас, өне бойы қайталана беретін нәрселерді көрсетеді. Ал 
өмірдің өзегін, осы дүниеге бір-ақ рет келетінді ақыл-ес ұстап қала ал-
майды.
Алайда адам танымының тағы бір құралы бар, ол – 
түйсік
. Бұл – 
заттардың терең мәніне сезіммен ену, ой өресі таба алмайтын олардың 
өміршеңдігін табу. Түйсік – рухтың бастапқы негізі, демек, өмірдің өзі. 
Бергсонның ойынша, тарихи-танымдық көзқарас тұрғысынан бастапқы 


233
түйсік – ырықсыз сезім мен ақыл-еске бөлінген. Сол бойда ырықсыз 
сезім өзінің саналы сезімінен айырылса, ал ақыл-ес заттардың ішкі 
мәнін ажырата білу қабілетінен айырылған.
Адамның түйсігі ақыл-еске бағынады. Алайда кейбір шектес 
жағдайларда, мысалы, адам өміріне қауіп төнген немесе өмірінде аса 
маңызды, тағдыршешті оқиғалар орын алған кезде, түйсік ақыл-ес 
бұғауынан босанып, адамға нақты шындықты көрсетеді және оның 
Ғарыштағы орны мен тағдырын айқындауға көмектеседі.
Адам – ізденіспен, шығармашылықпен жүретін тіршілік иесі, 
өйткені «өмірге құлшыныс» оның жүрегі арқылы өтеді. Бірақ өмірге 
терең бойлау түйсігі – адамдардың басым көпшілігіне берілмеген 
қасиет.
Бергсонның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет