дербес, қайталанбас нәрсе арқылы жетуге болады. Алайда оны зерттеп білу шығармашылық
қасіретіне әкеліп соқтырады, өйткені өмір өзінің болуы барысын-
да нысанға айналған, яғни заттандырылған формаларымен қарама-
қайшылыққа келеді.
Бұл қарама-қайшылықтарды шешу, Дильтейдің ойынша, зерттелетін
уақыттың рухани ахуалына ену арқылы, яғни өзіңнің бар болмысыңмен
сол не басқа дәуірдің қайталанбас хош иісін сезгенде ғана мүмкін бо-
лады. Осы жағдайда ғана тарихтағы мәдениеттің қайталанбас және
дербес көрінісін аша аламыз. «Рух туралы ғылымды» танып білудің
осындай әдістерін ол
«герменевтика» деп атайды. Автордың бұл
пікірлерінде үлкен мағына бар.
Мысалы, Платонның еңбектерін зерттей отырып, бүгінгі күн
биігінен қарағанда, екі мыңжылдықтан астам уақыттан кейін де қазіргі
заманның адамы сол замандағы гректердің қалай өмір сүргенін, нені
армандағанын, неге табынғанын білмей және басқадай өмір салтына
1
Пантеизм – Құдайды табиғатпен біртұтас деп танитын, табиғатты құдіреттің ісі деп
білетін философиялық ілім.
232
терең енбей, оны түсіне алмайды. Сонда ғана қазіргі заман өмірімен
салыстыру арқылы антика дәуірінің ойшылы шығармашылығының
өміршеңдігін және қайталанбастығын ашуға болады.
«Өмір философиясы» аясында француз ойшылы