ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет352/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

керек
және 
қалаулы
. Егер біз күйзелістің бар екенін ғана мойын-
дап қоймай, сонымен бірге оны 
сүйетін
болсақ, онда бақытсыздықтан 
құтылып, тіпті бақытты күй кешуден де асып кетеміз. Олай бол-
са, адам өз өмірін жеңілдетуге, күйзелістерден қашуға ұмтылмай, 
керісінше, қиындықтарды 
көбейте
түсіп, 
соларды аңсап
тұруға тиіс. 
Сонда ғана бақытсыздық пен бақыт арасындағы қайшылықтарды 
жеңуге болады. Ойшыл осының бәрін де өзінің ащы тағдырында басы-
нан өткергендіктен, растай алады.


230
Кьёркегордың бұл идеяларының бұл дүниедегі барлық бақытсыз-
дықтар, азап-күйзелістер мен әділетсіздіктер адамның бастапқыда 
Құдай көрсеткен жолдан ауытқуына байланысты болады деп санай-
тын христиан дінінің қағидаларына қарама-қайшылығы айқын сезілді. 
Құдай үйлесімді, ғажап және мүлтіксіз жетілген әлемді құрды. Ал 
Кьёркегор бойынша, әлем жамандық пен азаптарға, күйзелістерге 
толы. Алайда адам Құдайды сынаудан аулақ болуға тиіс. Құдайға 
деген сенім күмәндануды қажет етпейді. Сенім – парадокс. Бұл 
адамның жеке таңдауы, ерік шешімі, секіріс, ғажаптық, сандырақ. 
Шығармашылығында ойшыл Тертуллианның ізімен жүреді: «Credo 
quia absurdum est» («Сандырақ болғасын сенемін»). Үйлену тойы 
қарсаңында сүйікті қалыңдығы Регина Ольсеннен бас тартқан ол азап-
күйзелістерге толы бар өмірін өз ұстанымдарын іске асыруға арнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет