256
мұрағатына жөнелтіп, жаңа ғылыми-зерттеу бағдарламасын құруды
жанталаса қолға алады.
Ғылым дамуының тарихы – ол әртүрлі бағдарламалардың
бәсекелестігі, олардың эвристикалық мүмкіндіктерінің ашылуы.
Ғылымның өзінің ішкі және сыртқы тарихы бар. Ғылымның ішкі та-
рихы – бұл идеялар мен әдістемелік ұстанымдардың жүйелі ауысымы,
ал ол кезде оның сыртқы тарихы ғылымның ұйымдастырушылық фор-
маларын және ұлы тұлғалардың қызметін ауыстырумен айналысады.
Лакатостың әдістемесі ғылымды ұтымды талдаудың құралы, XX
ғасыр ғылымының аса маңызды жетістіктерінің бірі болды.
Постпозитивизмнің көрнекті өкілі, ғылым философиясындағы
тарихи-эволюциялық бағыттың көшбасшыларының бірі – американдық
тарихшы және философ
томас кун
болып табылады.
Ол
ғылыми ұтымдылық теориясының
негізіне алынған, ғылым ту-
ралы логикалық-позитивистік және «сыни-рационалистік» көзқарастан
түбегейлі айырмашылығы бар ғылыми
білімнің тарихи серпіні
тұжырымдамасын
жасады.
Кун ғылым деп: бір немесе басқа теорияларды, әдістемелік
қағидаларды, дүниетанымдық ұстанымдарды, нақты ғылыми нормалар
мен этикалық құндылықтарды мойындайтын, ғылыми қауымдастықты
біріктіретін әлеуметтік институтты түсінді. Осының бәрі ғылымның
әлдебір парадигмасын – үлгісін (грекше – paradigma – үлгі) құрайды.
«Ғылыми революциялар құрылымы» атты еңбегінде (1963) ол пара-
дигма деп ғылыми қауымдастық таныған, белгілі бір тарихи уақыт
шектеріндегі ғылымда жасалған зерттеу үлгілерін түсінеді. Ол: «Осы
терминмен мен барлық жерде қабылданған, азғантай уақытқа болса
да, олардан мәселелер мен шешімдердің осы салада зерттеумен айна-
лысып жүргендердің көңілінен шығатын үлгісі қалыптасатын ғылыми
жетістіктерді белгілеймін», – деп жазды. Парадигма ғылымдарды
әдістермен қаруландырады, белгілі бір уақыт шектерінде ғылымдағы
бір немесе басқа жағдайдың ішкі өзегін құра отырып, іздену жолдарын
көрсетеді. Ғылыми теория парадигмадан анағұрлым тарлау, өйткені өзі
соның ішінде пайда болады. Басқа парадигманың шектерінде бұл тео-
рия жарамсыз. Оны жарамды ету үшін, қайтадан қарау керек.
Кейіннен Т.Кун парадигма ұғымын
Достарыңызбен бөлісу: