ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет388/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

фаллибилизм
деп атайды. Сондықтан, ғылым 
дамуы тұрғысынан алғанда, 
болжамдардың көп санын
және олардың 
бұрмалануын
алға шығару қажет. Жалпы түрде бұл қағида: ғылыми 
теорияларға олардың әлеуетті бұрмалаушыларын анықтау мүмкін бо-
латындарды, яғни оларға қайшы келетін, шынайылығы тәжірибелер 
жасаудың жалпыға бірдей шаралары көмегімен ғана анықталатын 
ережелерді жатқызу керек. Бұл мәселені шешу барысында Поппер 
индуктивизмді теріске шығарды, логикалық позитивистердің тар 
импиризмінен және білімнің дара айқын негізін іздеуден бас тартты.
Оның теориясына сәйкес, білімнің эмпириялық және теориялық 
деңгейлері өзара байланысты; батыл болжамдарды алға тарту және 


254
оларды теріске шығару кезінде кез келген ғылыми білімнің алдын ала 
болжанатын сипаты болады. Бұл идеяларды Поппер алғаш рет 1934 
жылы «Ғылыми жаңалық логикасы» кітабында жария етті. Әрине, олар 
Поппердің қарсыластарының сыни пікірлерін туғызды. Алайда автор 
басқаша санайтын. Италиядағы басылымының (1970) алғы сөзінде 
ол: «Сөздер мен мағыналарды қазбалаудың енді қажеті жоқ, сынға 
ұшыраған теорияларды, олардың негіздемелері мен құндылықтарын 
білсек, сол әлдеқайды маңызды болмақ», – деп жазды. Алғаш қарағанда, 
индукцияға осылай қатқыл көзқарастың болуы, жоқ дегенде, таңданыс 
тудырады. Бірақ бұл жағдайды Р.Рассел ұтқыр түсіндіріп берді: бір 
күркетауық жақсы жағдай жасалған фермаға келіп орналасқан бойда 
жемнің дәл сағат тоғызда берілетінін байқайды. Алғыр индуктивист 
болғандықтан, ол көптеген әртүрлі жағдайларды есепке алуға ерінбеді: 
сәрсенбі мен жұмада, ыстықта да, суықта да, жауын-шашын болғанда 
және ашық күнде де жем беру сағаты өзгермей, тұрақты болды. Алай-
да «Мені әрдайым сағат тоғызда жемдейді» деген тұжырым таңертеңгі 
кепілді жемін күткен құс аспазшыларға боршалауға берілген сочель-
ник күні, яғни діни мейрамдардың бірінде күшін жойды.
Сөйтіп, индуктивтік қағиданы әлдеқалай негіздеу үшін жасалған 
әрекетінің кез келгені іс жүзінде сәтсіз болып, зерттеуші шексіз регрес-
ке (шегіну жолына) түсіп кетті.
Осыған сүйеніп, К.Поппер зерттеу бақылаулардан емес, қиын 
жағдайға тап болған 
практика
мен 
теория
мәселелерінен басталады 
деп санады. Ғылыми идеялардың артықшылыққа ие бастаулары жоқ 
және болуы мүмкін емес, дегенмен, әрине, миф, метафизика, түс және 
елестер жаңалықтар тудыруы мүмкін, бірақ ол кезде олар фактілермен 
расталуға, негізді болуға тиіс.
Өзінің жалпыдүниетанымдық, онтологиялық құрылымдарында 
К.Поппер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет