людвигфон Витген - штейн (1889-1951). Ойшылдың «Логикалық-философиялық трактат»
атты еңбегінің негізіне «барлық тілдердің ортақ логикалық формасы
бар, одан өзге, ол – әлемге де ортақ форма» деген сенім алынған. Іс
жүзінде бұл ортақ форма сөйлемдерге бірдеңе «айтуға» мүмкіндік те
береді. Сөйлемнің айтқаны – оның
әлемнің қисынды суретін салғаны болып табылады. Сөйлемді әлемнің суреттері деп түсінудің өзі –
көрсету мен
айтудың арасын ажыратуға келтіреді. Сөйлемдер әлемнің
суретін береді, бірақ олар өз-өздерінің суреттерін беруге қабілетсіз.
Олар өздеріне де, әлемге де де ортақ форманы көрсетеді, бірақ айта
алмайды. Сөйлемдердің өздерінің қисынды формасын ғана көрсете
алатын себебі – оны айтуға мәжбүрлеу әрекеті тілді мағына шека-
расынан асырып жібереді. Витгенштейннің: «Менің тілімнің шека-
расы менің әлемімнің шекарасын құрайды», – дегені бүгінгі күні де
өзектілігін жойған жоқ, өйткені кез келген тіл сол тілдің иесі болып
табылатын халықтың әлемді сезінуі, әлемді қабылдауы және әлемді
танып білуінің негізінде жатыр. Қазір ол «халықтың ділі» деп атала-
ды. Л.Витгенштейннің негізгі идеясы – ғылыми ізденістерімізде және
күнделікті өмірімізде сөздерді құнттап, мұқият зерделеп пайдалану
керек, әйтпесе адам дерексіз ұғымдардың, алуан түрлі қиялдардың
тұтқынына түсіп қалуы мүмкін.