ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет387/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

постпозитивизм
деген ат алған соңғы бағыты пайда болды. Оның 
негізгі өкілдері: 
карл Раймунд поппер
(1902-1994), 
томас самуэль 
кун
(1922-1996), 
имре лакатос
(1922-1974), 
пол Фейерабенд 
(1924-
1994).
Поппер Венада дүниеге келіп, білімді де сонда алды, 1928 жылы 
«Ойлау психологиясының әдісі туралы» деген тақырыппен дис-
сертация қорғады. Австрия мен Германияның қосылуы (аншлюс) 
қарсаңында, еврей болуы себепті оған Жаңа Зеландияға, ал кейіннен 
Англияға қоныс аударуға тура келіп, онда ол «Король қоғамының» 
мүшелігіне өтті.
Жаңа Зеландияда ол: «Тарихтың қайыршылығы», «Ашық қоғам 
және оның жаулары» деп аталатын аса көрнекті шығармаларын жазды, 
бірақ оларды Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, 1945 жылы 
ғана жарыққа шығара алды. 
Ғылым философиясы бойынша өз зерттеулерінің нәтижелерін ол 
екі томдық «Ұсыныстар және терістеулер» (1963) және «Объективтік 
таным» (1972) атты еңбектерінде жариялады.
Осы және басқа жұмыстарында Поппер өз философиялық 
ұстанымын – сыни критицизмді, неопозитивистердің эмпиризміне 
қарама-қарсылық (антитеза) ретінде ғылыми білімді жетілдіру теория-
сын құрды.
Поппер қазіргі заманғы ғылыми білім дамуындағы верификация 
қағидасының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бір немесе басқа ғылымның 
дамуы барысында пайда болатын кез келген теория «соңғы кезеңдегі» 
шындық болып табылмайды. Қайсыбір реті келген күні теория теріске 
шығарылуы мүмкін. Ал ғылым тарихы ондай мүмкіндікті көрсете ала-
ды. Олай болса, ғылыми пікірлердің терең табиғаты – олардың ғылыми 
болжам бола алатындығында, яғни қателердің жіберілуі мүмкін 
екендігінде. Оны ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет