257
дамығанын дәлелдейді. Ашылған жаңа
фактілер қорытындыланады
және жүйеленеді, зерттеу шаралары нақтыланады және т.б. Алайда
уақыт өте келе, қолданылып жүрген парадигма
шектерінде ғылымда
ашылған жаңа фактілердің табиғатын түсіну мүмкін болмай қалады.
Ғылыми қауымдастық арасында айтыс-тартыстар, күмәндану пай-
да болып, бұрынғы құндылықтар енді қызмет етуін тоқтатады. Бұл
ғылымның тоқырауына әкеліп соқтырады және,
тиісінше, жаңа
үлгілерді іздеуге мәжбүр етеді. Нәтижесінде, құндылықтарын ғылыми
қауымдастық таныған жаңа үлгілер пайда болады. Жаңа өнімді зерт-
теулер басталады.
Ғылымның дамуына осындай тарихи көзқарас постпозитивизмдегі
жаңа сөз болды.
Т.Кун енгізген екінші жаңалық –
бір немесе басқа үлгі аясында
тәжірибеге негізделген білімді қарастыру
. Ғылымда үлгіге
тәуелді
болмай өмір сүретін фактілер жоқ. Бір немесе басқа үлгіні игерген
ғалым барлық фактілерді соның жарығымен «көреді». Фактілер бір
немесе басқа теориядан тыс өмір сүре алмайды, ал
ол кезде теория
фактілерді қорытады және оларды өмірде қалай пайдалануға және
қолдануға болатынын айқындап береді.
Кун ұсынған ғылым үлгісі – ол классикалық рационализмнен
шегіну,
ұтымдылықты адамның ынтызарлықтары мен нақты мәдени
дәуірлердің ерекшеліктері қатарына сыйдыру әрекеті.
Ұтымдылық
қажетті мүдделерді ғана көздейтін (прагматикалық)
мағынамен
толығады: адам өне бойы өзінің ұтымды әрекеттерін шынайы пайымға
сілтеме жасамай, қызметіндегі табыстары
арқылы дәлелдеп отыруға
мәжбүр. Сондықтан табысқа жеткен соң, ол бәсекелес көзқарастардың
алдында іс-әрекеттерінің пайымдылығы мен сәттілігі туралы пікірінен
таймай, өзінің қызметін пайымды, ақылға сыйымды деп атауға
құқылы. Әрбір «ғылыми қауымдастық»
өзінің ұтымдылығына өзі
баға бере алады. Бірақ жекелеген тұлғаның еркіндігі мен ұтымдылығы
«қауымдастықтың» ұжымдық әрекетімен және ақылымен шектелген.
Ғылым философиясындағы
Достарыңызбен бөлісу: