ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет607/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   603   604   605   606   607   608   609   610   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

демографиялық
мәселе. Егер соңғы 
мыңжылдықта жер шары халқының саны 15 есе өссе, – оның үстіне, 
алғаш рет халық 700 жыл ішінде екі есе өссе, соңғы рет 40 жыл 
ішінде сондай өсті (егер 1956 жылы халық саны 2,8 млрд. болса, ал 
2004 жылы 6,3 милиардқа жетті). Бұлай өсудің 9/10-ын дамушы елдер 
қамтамасыз етіп отыр. Дамыған елдерде дүниеге келетін сәбилер саны 
күрт төмендеп, сонымен бір мезгілде ересек, зейнетақы жасына жет-
кендер саны өскен. Бұл елдерде халықтың бұрынғы санын сақтап қалу 
мәселесі күн тәртібінде тұр.


409
Демографтардың болжамдары бойынша, болашақта Үндістан 
халқының саны Қытай халқынан асып кетеді, ал Африка континентінде 
халық саны 1,5 млрд. адамға жетуі мүмкін. Өндіргіш күштердің 
жетілмеуі, халықтың білім алу, мәдениет деңгейінің төмендігі бала 
тууға шектеу қойылмайтын ескі өмір салтының сақталуына себеп бо-
лып отыр. Алайда Қытайдың бала тууды шектеудегі жиырма жылдық 
табысты тәжірибесін, мүмкін, жақын жылдарда басқа да көптеген да-
мушы елдер қабылдап қалар.
Қазақстанға келсек, онда бұл жерде орасан үлкен өлкені (жер 
аумағы бойынша еліміз ірі елдердің ондығына енген) қалыпты иге-
ру үшін, халық санын көбейту мәселесі өткір болып тұр. Біздің ойы-
мызша, елдің әлеуетін нығайту шамасына қарай, халық санының 
өсуіне серпін беру үшін, үкімет демографиялық саясатқа көбірек көңіл 
бөлетін болады.
Жаһандану 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   603   604   605   606   607   608   609   610   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет