ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет608/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   604   605   606   607   608   609   610   611   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

«солтүстік пен Оңтүстік»
деп аталатын мәселені 
туғызды. «Солтүстік» деп материалдық тұрғыда рақатқа бату-
шы, негізінен, экватордан жоғары жатқан постиндустриалдық ел-
дерде болатын «алтын миллиард» түсінілсе керек. «Оңтүстік» деп, 
негізінен, өндіргіш күштерінің даму деңгейі төмен, бір миллиардқа 
жуақ адам тақыр кедейшіліктен көз ашпай отырған, жаңадан дамып 
келе жатқан елдер аталады. Бұл – халықаралық шиеленіспен қатар, 
дамыған және дамушы елдер арасында елеулі қарама-қайшылық ту-
дырады. Бүгінгі күні дамушы елдердің дамыған елдерге 1 трлн. дол-
лардан астам қарызы бар. Оның үстіне, олардың көпшілігінің үстеме 
пайыздарды өтейтін қауқары жоқ. Аталған мемлекеттердің өмір 
деңгейінің айырмашылығы азаюдың орнына, керісінше, жыл өткен 
сайын ұлғайып барады. Дүниежүзілік қауымдастық тым кедей елдер-
ге көмек көрсету мақсатында жылына 50 млрд. долларға жуық ақша 
бөлсе, сол уақытта АҚШ Ирактағы соғысқа жүз миллиардтаған доллар 
шығын шығарады. Халықаралық терроризмнің әлеуметтік тамырлары, 
міне, Батыста насихатталғандай, исламда емес, қайда жатқанын енді 
түсінген шығармыз.
Енді бүгінгі күні дамушы елдердің қарыздарын есептен шығарып 
тастау арқылы және халықаралық саясаттағы жаңа апаттардың жо-
лын кесу мақсатында ұлттық экономикаларды реттеу үшін тиімді 
экономикалық көмек беру арқылы жаңа экономикалық тәртіп орната-
тын кез келді.
Ғаламдық сипат алған келесі мәселе – әлем халықтарының 
білім
әлеуетін көтеру. Онсыз жаңа технологияларды игеру мүмкін емес. 


410
Тіпті егер адам оқи және жаза білсе де, ол «қызмет тұрғысынан са-
уатсыз» болуы мүмкін, яғни компьютерлік бағдарламаларды білмейді 
және қазіргі заман ағымына сай құрылған кәсіпорындарда жұмыс істей 
алмайды.
Халықтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   604   605   606   607   608   609   610   611   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет